• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Мамыр, 01:27:48
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2017 NEWS

Трамптың Ресейде офисі бар ма?

Morgan, Lewis & Bockius атты заңгерлік компания біраз уақыт бұрын Трамптың салыққа байланысты жұмыстарымен айналысқан. Алайда 2016 жылы Лондондағы...

Morgan, Lewis & Bockius атты заңгерлік компания біраз уақыт бұрын Трамптың салыққа байланысты жұмыстарымен айналысқан. Алайда 2016 жылы Лондондағы басылым бойынша аталған компания Ресейдегі ең үздік заңгерлік компания болып есептелінген болатын. Осыған байланысты шетелдік БАҚ өкілдері Трамптың Ресейде жеке офисі бар деп күдіктеніп отыр. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Компанияның серіктестері Шери Диллон мен Уильям Нельсон 2005 жылы Трамптың кеңесшісі болып және оның жеке фирмасында салыққа байланысты жұмыс атқарған.

Осы жылы олар Ақ үйде жарияланған хаттаманы дайындаған екен. Шетелдік БАҚ өкілдерінің айтуы бойынша, аталған құжатта соңғы 10 жылда АҚШ пен Ресей президенттерінің арасында ешқандай байланыс болмағандығы жөнінде жазылыпты. Заңгерлік компанияның басшысының айтуы бойынша олар Ресейде жұмыс жасаған кезде Трамппен ешқандай байланыс орнатпаған екен.

Шолушы: Әсел Өтешова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір