• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 16:40:13
Алматы
+35°

28 Маусым, 2017 Саясат

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындысы

Астана уақытымен сағат 13:00-дегі жағдай бойынша 16 өңірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды сайлауда дауыс берудің алдын...

Астана уақытымен сағат 13:00-дегі жағдай бойынша 16 өңірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды сайлауда дауыс берудің алдын ала қорытындылары шығарылды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 78-бабы 2-тармағына сәйкес облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының дауыстарды санау хаттамасы сайлау күнiнен бастап екi күннен аспайтын мерзiм iшiнде Орталық сайлау комиссиясына жiберіледi.

Олардың негізінде Орталық сайлау комиссиясы республика бойынша тұтас алғанда сайлау қорытындыларын сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей (5 шілдеден кешіктірмей) шығарады (81-бап).

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір