• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 15:19:57
Алматы
+35°

29 Маусым, 2017 NEWS

Хакерлер ҚР Орталық сайлау комиссиясының сайтын шабуылдады

2017 жылдың 28 маусымында ҚР Сенат Парламент депутаттарын сайлау науқаны кезінде Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсы хакерлік шабуылға тап болды...

2017 жылдың 28 маусымында ҚР Сенат Парламент депутаттарын сайлау науқаны кезінде Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсы хакерлік шабуылға тап болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

ҚР ОСК мәліметінше, олқылық байқалғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясының техникалық қызметі бірден оны жоюға талпынды. Бұғаттауды болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қолданылды.

Қазір сайтта ешқандай олқылық жоқ. Тексеру барысында хакердің IP-мекен-жайы Еуропа елдерінің бірінде тіркелгені анықталды. Ақпарат қажетті құзырлы органдарға берілді.

Бүгін ҚР Парламент Сенатының мәжілісі барысында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев аталмыш оқиғаға байланысты ақпарат қажетті шараларды қолдану үшін құзырлы органдарға тапсырылғанын айтты.  

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір