• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 21:50:03
Алматы
+35°

05 Шілде, 2017 Әлеумет

Кесірткеге жем болған турист қыздың жұмбақ өліміне қатысты жантүршігерлік деректер

Жақында Бельгия азаматшасының Тайландта жүріп қаза тапқаны туралы ақпарат барлық  БАҚ-та  жарияланған болатын. Ол алып кесірткенің жеміне айналып...

Жақында Бельгия азаматшасының Тайландта жүріп қаза тапқаны туралы ақпарат барлық  БАҚ-та  жарияланған болатын. Ол алып кесірткенің жеміне айналып қаза тапты деп хабарланды. Алайда мәселе мұншалықты оңай емес. Қамшы ақпараттық агенттігі Тайландта орын алған жұмбақ өлімнің себептері туралы мәліметті оқырман назарына ұсынады.

Тайланд полициясы 30 жастағы белгиялық турист қыздың өліміне қатысты зерттеу жүргізіп жатыр. Элиза Дальманьның денесі Ко Тао дужнглиінде табылған. Бұл осы жерде орын алған бірінші қайғылы жағдай емес. Осы жылдың көктемінде демалыста жүрген ресейлік турист те түсініксіз жағдайда қаза тапқан. Оның алдыңғы жылы 5 турист осы аралда көз жұмған.

Сиам шығанағындағы Ко Тао аралы өзінің кораллды рифтері мен сұлу табиғатымен танымал. Соңғы үш жылда бұл аралда Еуропа туристерінің ішінде 1,5 мың адам белгісіз жағдайда қаза тапқан. Полиция бұл өлімдердің көпшілігін суицид деп бағалаған.

Алайда соңғы құрбан –  30 жастағы марқұм Элиза Дальманның анасы қызының өлімі суицид емес екенін айтып дауласқан. Элизаның жартылай кесірткеге желінген денесі ескі матаға оралған күйі жанармай жанында табылған. Жергілікті полиция қыздың денесі табылмай тұрып оны суицид жасады деп мәлімдеген. Алайда қыздың денесі табылған соң да іс қозғалмаған. Тек қыздың анасы арыз жазған соң ғана зерттеу жүргізілген.

Элизаның анасы қызының суицидке баратындай болмағанын, жоғалардың алдында онымен сөйлескенін айтқан. Турист қыз Азия мен Австралияда саяхаттап жүрген. Бангок арқылы үйіне қайтпақшы болып жүрген.

«Соңғы хатты Элиза жазып қалдырмаған. Қонақ үйдегі барлық заттары жинаулы тұрған. Полиция қыздың денесі джунглида киім-кешекке оралған күйі табылған деп хабарлады. Бангокқа билет сатып алып одан кейін джунглиға өзін-өзі өлтіру үшін барудың не қажеті бар? Полицияға сенбеймін. Бұл жерде басқа біреулердің де қатысы бар»-дейді қыздың анасы Дэйли Мэйл басылымына берген сұхбатында.

Қыздың денесіне сот медициналық сараптама Бангок институтында жасалды. 14 күннен кейін қыздың денесін кремациялаған  (өртеген). Сараптама нәтижелерін марқұмның анасына көрсетпеген.

Қыздың денесін тапқан туристердің бірі оны басқа аралда өлтіріп тастауы мүмкін екендігін айтты. Пханган аралында белгиялық азаматша йога, шығыс тәжірибелерімен айналысып жүрген. Сонымен бірге діни неоиндуистік деструктивті сектаға барып жүрген. Оның ұстазы Рааман Андреас турист қыз қайтып бара жатқанда бақытты болып көрінгендігін айтқан. Қазіргі уақытта құзырлы органдар оны тергеу үшін іздестіріп жатыр.

Полиция онымен қоса, Элиза сәуір айында  пойыз жолында суицид жасамақшы болды деп мәлімдеген. Сол кезде оны психиятриялық ауруханаға емделуге жібергендерін жеткізген. Алайда марқұмның анасы бұл мәселеге қатысты пікірін білдірген жоқ. Оның ойынша Тайланд полициясы өызының суицид жасағанын дәлелдеу үшін барлығына барады.

Элиза бұл аралдағы жұмбақ өліммен қайтыс болған 7-ші турист. Осыған дейін туристер 2014, 2015, 2016 жылдары суға батып, жоғалып, бастарынан жарақат алып қаза тапқан. Алайда олардың қаза табу себептері белгісіз. Полиция болса бұл өлімдердің бәрін суицидке балап істі жауып отырған.

Осы жылдың ақпан айында ресейлік 23 жастағы Влентина Новоженова есімді қыз мүлдем із-түссіз жоғалып кеткен. Оның қайда екені әлі күнге дейін белгісіз.

БАҚ-тың жазуынша Ко Тао аралы мафиоздық топтардың бақылауында. Тайландта оны Чао По деп атайды. Мұндай қылмыстық топтар есірткі, жезөкшелік, туристік бизнеспен айналысады. Алайда Ко Тао аралының мұндай жағын білген туристердің барлығы қорқып мұндай жолай қойматынын білген бұл топ жергілікті полицияға сөздері жүретін көрінеді. 

 

Шолушы: Назерке МҰСА

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір