• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 21:44:36
Алматы
+35°

05 Шілде, 2017 NEWS

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде кадрлық өзгерістер болды

Дін істері комиетінің төрағасы міндетін атқарушы тағайындалды, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Дін істері комиетінің төрағасы міндетін атқарушы тағайындалды, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.

 Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаевтың бұйрығымен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы міндетін атқарушы лауазымына Онғарбаев Еркін Ануарұлы тағайындалды. Еркін Ануарұлы мемлекеттік органдарда, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, жоғары оқу орындарында түрлі лауазымдарды иеленді. 2003 - 2007 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды.

Сондай-ақ, «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің басқарушы директоры, «Астана» университетінің ректоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры болып жұмыс істеді. Заң ғылымдарының докторы, «Құрмет» орденімен және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталған.

Сонымен қатар, оқу демалысынан кейін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Әбелдинова Әлия Сапабекқызы жұмысқа кірісті. Әлия Сапабекқызы ҚР Президент Әкімшілігінің баспасөз қызметінде, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде қызмет атқарды.

2015 - 2017 жылдар аралығында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір