• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 22:09:35
+35°

05 Шілде, 2017 Әлеумет

Бас Прокурор аға буын әріптестерін Астана күнімен құттықтады

Астана күні қарсаңында Бас прокуратурада салтанатты жиналыс болып өтті, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі.

Астана күні қарсаңында Бас прокуратурада салтанатты жиналыс болып өтті, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі.

Бас прокурор әріптестері мен ардагерлерді шын жүректен мерекемен құттықтады. Құттықтау барысында Ж.Асанов тарих беттеріне шолу жасап,  бірегей еуразиялық феноменнің негізін салуда Астананың бейнесіне терең саяси және рухани мағынаның іргетасын қалаған Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сүбелі үлесін атап өтті.  

Ж.Асанов: «Бүгін әрбір қазақстандықтың көкейін біздің әсем астанамыз үшін мақтаныш сезімі кернеп тұр. Барлық қазақстандықтар сияқты біз де еңбегіміз арқылы осыған үлес қосудамыз, сонымен қатар ол бізге биік шыңдарды бағындыруда бағыт береді»,- деді.

Прокурорлар қимас сезіммен аға буын әріптестерін құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.

Бас Прокурор өмірлерінің үлкен бөлігін заңдылықты нығайтуға арнап, елеулі үлес қосқан еңбектеріне алғысын білдірді, әрқайсысының жеке және кәсіби тұлға ретіндегі қадір-қасиеттерін атап өтіп, оларға зор денсаулық пен амандық тіледі.

«Құрметті ардагерлер! Сіздер лайықты зейнет демалысына шығып бара жатқандарыңызбен, бойларыңыз әлі күш-қайратқа толы. Өздеріңіздің шеберліктеріңіз бен тәжірибелеріңізді пайдаланып, одан әрі де қоғамды дамытуға  үлес қосасыздар деп сенемін. Сіздерді жас мамандармен тәжірибелеріңізбен бөлісуге және оларға үлгі көрсетуге шақырамын», - деп қорытындылады Ж.Асанов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір