• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 21:50:11
Алматы
+35°

05 Шілде, 2017 Саясат

КХДР айналасындағы жағдайға байланысты мұнай бағасы төмендеуде

Әлемдегі мұнай бағасы Солтүстік Кореяның айналасындағы геосаяси шиеленіске байланысты төмендеуде деп хабарлайды

Әлемдегі мұнай бағасы Солтүстік Кореяның айналасындағы геосаяси шиеленіске байланысты төмендеуде деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Ria.ru-ға сілтеме жасап. Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруы тәуекел активтерге деген сұранысты төмендетеді. Оның ішінде мұнай да бар.

Айта кетейік, сәрсенбі күні КХДР "Хвасон-14" зымыранын ұшырған. Ол Жапония теңізіне құлады. Зымыран Жапонияның жағалауына 300 шақырым жетпей құлаған еді.

Жапония мен Оңтүстік Корея КХДР жаңа сынағын БҰҰ қарарын бұзу ретінде қарастырды. АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Корея мен Жапония Пхеньянның сынақтарына бұдан былай көз жұма қарамайды деген үмітін жеткізді. Ал Қытай қатаң шаралар қолданады деген ойда.

Сарапшылар мұнай қоры 0,56% немесе 2,833 миллион баррелге азаюуы мүмкін екенін айтады.

 

 Шолушы: Әсем Әлмұханбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір