• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 21:44:39
Алматы
+35°

11 Шілде, 2017 NEWS

Мәскеуде кішкентай баланы 10 жыл бойы сексуалды құлдықта ұстаған педофил қолға түсті

Мәскеу тұрғынына «Кәмелет жасқа толмаған балаға сексуалды зорлық көрсетті» деген айып тағылды, деп хабарлайды

Мәскеу тұрғынына «Кәмелет жасқа толмаған балаға сексуалды зорлық көрсетті» деген айып тағылды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі НТВ арнасына сілтеме жасап.

Деректерге сәйкес, 2007 жылы шілде айында ер адам 9 жастағы баламен танысып, бірге тұрайық деген ұсыныс айтқан. Ол бала келісіп, үйінен кетіп қалған.

«Қылмыскер бірнеше жылдар бойы баланы далаға шығармай, басқа адамдардан тығып ұстаған. Баланың дәрменсіздігін пайдаланып, ер адам оған сексуалды зорлық көрсеткен», - дейді құзырлы органдар.

2007 жылы баланың жоғалғанына қатысты қылмыстық іс қозғалып, федералды іздеу жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде, баланың қайда екендігі анықталып, кәмелет жасқа толмаған балаға зорлық көрсеткен педофил қолға түсті. Тергеушілердің айтуынша, қылмыскер өз кінәсін мойындап, жасаған қылмысын айтып берген.

Белгілі болғандай, қылмыскер 2001 жылы да осындай айыппен сотты болған екен. Қазіргі таңда баланың туыстары іздестіріліп, педофилдің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқ екендігі анықталуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір