• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 06:21:16
Алматы
+35°

11 Шілде, 2017 NEWS

ЭКСПО-2017 көрмесінің жұмысының бір айлық қорытындысы

10 маусым мен 10 шілде аралығында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілерінің саны 921 293 адамға жетті деп хабарлайды

10 маусым мен 10 шілде аралығында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілерінің саны 921 293 адамға жетті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ЭКСПО-2017 көрмесінің Қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап. 

Жақын арада миллионыншы адамның көрмеге келуі күтілуде.

Халықаралық павильондарға жалпы келушілердің саны 5 960 212 адамды құрайды.

Көрме кешенінің негізгі объекттеріне 834 579 адам барған.

Ең ауқымды келушілер санын, 303 007 адамды Нұр-Әлем павильоны жинаған.

Жалпы санақ бойынша көрмеге келушілердің 14% немесе 130 мың адам шетелдік азаматтарды құрайды.

Бір ай ішінде 160 мың адам көрмеге жеңілдіктер арқылы кірген.  Бұл тізімге мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және 6 жасқа дейінгі балалар мен мүгедектер, ҰОС ардагерлері жатады.

Сонымен қатар, 1031 мәдени ойын-сауық және іскерлік іс-шаралар, ел басшыларының, министрлер мен халықаралық павильон комиссарларының қатысуымен барлығы 84 ресми іс-шара өткізілді. 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір