• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 11:22:19
Алматы
+35°

13 Шілде, 2017 NEWS

Биыл мектепке баратын Ақтаулық бүлдіршін «Әлем ханшайымы» атанды

Болгарияда алтыншы рет өткен сұлулық фестивалінде ақтаулық Аянат Дәулеталина Гран-при жүлдесін жеңіп алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі

Болгарияда алтыншы рет өткен сұлулық фестивалінде ақтаулық Аянат Дәулеталина Гран-при жүлдесін жеңіп алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Әлемнің 20 мемлекетінен 55 қатысушы бағын сынаған сайыстың барлық кезеңі бойынша алты жасар Аянат жоғары ұпай жинады. Ұстазы Диляра Туринаның айтуынша, қазақ елінің намысын қорғаған жеткіншек алғашқы кезеңнен бастап-ақ көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. Қаршадай қыз қазылар алқасын қазақи ұлттық киімімен және қойылған сұрақтарға ағылшын, болгар тілдерінде мүдірмей жауап беруімен баурап алыпты. Осылайша жастайынан «Әлем ханшайымы» атанған Аянат биыл мектепке барады. Келешек арманы – көркем гимнастикадан олимпиада чемпионы болу.

«Жеті күнге созылған сән байқауында әлемнің көптеген елдерінен жаңа достар тапқанына қуаныштымын. Алдымен Ақтауда өткен кезеңде бас жүлдені иелендім. Ал Болгарияда сұлулық фестивалімен қатар ұйымдастырылған «Әлемнің кішкентай ақылды аруы» сайысына да қатысып, үшінші алтынды жеңіп алдым»,- деді халықаралық сұлулық байқауының жеңімпазы Аянат Дәулеталина

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір