• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 23:33:48
Алматы
+35°

24 Шілде, 2017 Саясат

Қырғыз соты әділдікті үйренуі керек

Қазақ Ұлттық Конгресстің баспасөз қызметінің мәлімдемесі

Қазақ ұлттық конгресінің баспасөз қызметі Қырғызстанда сотталған қазақстандық Әділ Тойғанбаевқа қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оның мазмұны төмендегідей. 

"Өткен аптада Бішкектің аудандық сотында Қазақстан азаматы Әділ Тойғанбаевқа айыптау үкімі шықты. Ол Қырғызстанның бірінші президенті, Қырғызстанда активтері бар кәсіпкердің күйеу баласы.

 Заңгерлер бұл құжаттың заңды түрде негізсіз екенін және қарапайым сауаттылық ережесін сақтамағанын айта алады. Ондағы қателіктерді тек мамандар ғана емес қарапайым адам да байқайды.

Сот Қазақстан азаматын «экономикалық қылмыс» жасады деп айыптап отыр (Бұл советтік замандағы өзге пікірдегі адамдардан құтылудың дәстүрлі әдісі). 2005 жылы басталған іс 12 жыл өткеннен кейін бірақ аяқталды. Соттың тағайындаған 12 жыл уақыты әдетте ауыр қылмыстық істерде қолданылады. Мәселен өткен аптада Заур Дадаев белгілі қоғам қайраткерін өлтіргені үшін осындай жаза мерзіміне кесілді.

 «Жазалау кезінде сот сотталушының кім екенін ескереді». Экономикалық айыптаулар саяси соттау екенін көрсетеді. Оның істеген ісіне емес, кім екендігіне байланысты соттап жатыр.

Бұл адам сот тарапынан жоғары бағаланды. Қылмыстық істің айыпталушылары өздері құлатқан президентпен болмаса да, оның туыстарымен есеп айырысуы тиіс. Ақаевқа президенттік иммунитет таралып үлгерген және оған шағым түсіру мүмкін емес. Халықаралық құқыққорғау органдары және мемлекет басшылары мен қоғамдық пікір басшылары сотта пайдаланылатын жалған манипуляциялар мен саяси зерттеулер жайында хабардар болып отырады.

Біз орын алған жағдайға БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдарға тәуелсіз қырғыз оппозициялық партиялардың назарын жете аудармақшымыз.  Басқарушы режим олармен де «күресетін» болады. Қырғыз сотына  әділдік пен емле ережесін үйренсін деген кеңес айтуға болар еді. Әділдік – ол болып жатқан жағдайға байланысты өзінің жеке пікірін қалыптастыруға міндетті. Ал емле ережесі тіпті күрделі. Сауаты дәл осындай дәржедегі адамдарды көбіне келесі жылға қалдырып қояды. Олар 20 жылға тас қапасқа өзге адамдарды жіберуге үрейленеді" делінген мәлімдемеде.

 

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір