• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 02:54:58
Алматы
+35°

24 Шілде, 2017 Әлеумет

Шетелдік БАҚ қазақстандық скрипкашыны Сара Назарбаевамен шатастырды

БАҚ голливуд актері Николас Кейджбен суретке түскен қазақстандық скрипкашы Айман Мұсақожаеваны Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаевамен шатастырып алған.

Аталмыш қателікті алғашқы болып америкалық Dailynews порталы жіберген.

Шетелдік БАҚ-тардың қатары Голливуд актері Николас Кейджбен суретке түскен қазақстандық скрипкашы Айман Мұсақожаеваны Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаевамен шатастырып алған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші болып қателескен амеркалық Dailynews сайты болды, кейіннен өзге ақпараттық агенттіктер сайттан дәл сондай қателікпен көшіріп алған.

Шетелдік БАҚ «Сокровище нации» фильмінің жұлдызы қазақтың ұлттық киімімен Астанада өткен «Еуразия» кинофестивалінде Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаевамен суретке түсті» деп жазған.

Айта кетейік, 23 шілде күні Голливуд актері, әрі режиссер Николас Кейдж Қазақ ұлттық өнер университетінде болды. Университет ректоры Айман Мұсақожаева кәдеге сай шетелдік қонаққа қазақтың ұлттық шапанын жапты, кейін бірге суретке де түсті.

Николас Кейдж Астанаға «Еуразия» XIII халықаралық кинофестиваліне қатысу үшін келген. Актер «Бес континент» аталатын балаларға арналған киноның ашылуына қатысып, артынша мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесті.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір