• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 23:45:16
Алматы
+35°

24 Шілде, 2017 Оқиғалар

Ирак әскері лаңкестердің бомба жасайтын зауытын жойып жіберді

Ирак әскері лаңкестер екі апта бұрын ғана басып алған ауылды азат етті

Ирак әскері Мосул қаласының батыс бөлігінен содырларға тиесілі жарылғыш шығаратын зауытты анықтап, жойып жіберді. Лаңкестікке қарсы жасақ өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын Бадуш елді мекенінде орналасқан, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп. Ол жерден жарылғыш жасауға қажетті заттар жасырылған қойма табылды. Сонымен қатар, Ирак әскері лаңкестер екі апта бұрын ғана басып алған ауылды азат етті. Олар мұнда ескі шаһардан шегініп шыққаннан кейін шабуылдаған.

Деректерге қарағанда елді мекенде 700-ге жуық террорист жасырынған. Қақтығыс кезінде олардың 300-ге жуығы қаза тапқан болуы мүмкін. Әзірге көбінің мәйіті қиранды астында жатыр.

Еске сала кетейік, Ирак премьер-министрі Хайдар Абади Мосулдың содырлардан азат етілгенін 10 шілде күні ресми түрде мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір