• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 22:34:30
Алматы
+35°

24 Шілде, 2017 NEWS

Қостанайда тергеу енді әйнек кабинеттерде жүргізілетін болады

Әйнек кабинеттер қылмыстық процестің жылдам жұмыс істеуіне, полицейлер жұмысы халықаралық стандарттарға сай болуына әсер етпек.

Қостанай қаласының ІІД-да  жаңа әйнек кабинеттердің презентациясы өтті. Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов бұл жобаның жүзеге асқанын өзі жеке қадағалады. Ол тергеу кабинеттеріне кіріп, қарап тексеріп шыққан. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қостанай облыстық ІІД-ға сілтеме жасап.

Әрбір тергеушінің кабинетінде 24 сағат бойы қосылып тұратын бейнебақылау орнатылған. Енді тұтқындалған немесе тергеуге шақыртылған адамның туыстары да тергеудің қалай өтіп жатқанын көріп отыра алады. Осы арқылы бұл жобаны іске асырушы ҚР ІІМ полицей қызметкерлері ісіндегі заңдылық пен тазалықтың сақталуын, заңсыз күш көрсету немесе қинауды болдырмауды мақсат етіп отыр.

Әйнек кабинеттер қылмыстық процестің жылдам жұмыс істеуіне, полицейлер жұмысы халықаралық стандарттарға сай болуына әсер етпек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір