• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 11:07:36
Алматы
+35°

25 Шілде, 2017 NEWS

Мысырда із-түссіз кеткен қазақстандықтар туралы жаңа деректер белгілі болды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап  хабарлайды.

"Қолда бар мәліметтер бойынша, алты қазақстандық студент 20 шілдеден бастап туыстарымен байланысқа шықпады. Екеуі екі айлық тіл курстарынан өті үшін Каирге 11 шілдеде келген. Барлығы бір пәтерде тұрып жатқан. 20 шілдеде байланыс үзілді. Сол уақыттан бері қазақстандық дипломаттар іздеу шараларына кірісті. Қазақстан елшілігі Мысырдың Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан азаматтарының қайда екенін анықтауға жәрдемдесуді сұрап, нота жолдады. Қазіргі кезде іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - дейді ҚР Сыртық істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов үкімет отырысынан тыс жерде.

 "Олардың "Ніл" оқу орнында білім алып жатқаны анықталды. Біздің елшілік өкілдерінің сөзінше, олардың іс-әрекеттерінде күдікті ештеңе болмаған", - деп атап өтті Жайнақов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір