• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 08:50:16
Алматы
+35°

26 Шілде, 2017 NEWS

Е.Сағадиев латын әліпбиіне көшуге дайындық қалай жүріп жатқанын айтты

Министрдің айтуынша, қазір арнайы комиссия құрылып, осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев  "100 нақты қадам" ұлт жоспарын іске асыруға арналған баспасөз конференциясында ең өзекті сұрақтарға жауап берді. Оның ішінде мемлекеттік гранттардың көбеюуі және латын әліпбиіне көшу мәселесі бар деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі.

ҚР Білім және ғылым министрінің сөзінше, осы жылы грант бакалавриатқа  6 мыңға, ал магистратураға 3 мыңға артты.

 «Бакалавриатқа грант 31 мыңнан 37-ге көбейді және магистратураға грант 7 мыңнан 10 мыңға көтерілді. Сонымен қатар, PhD-ге грант екі есеге артты. Біз гранттардың барлық мамандық пен сала бойынша бірдей бөлінуін қадағаладық. Педагогикалық мамандықтарға басымдылық бердік. Оған басқаларымен салыстырғанда грант 20% артық бөлінді. Жалпы гранттар бірдей тағайындалды» деді Сағадиев.

 Латын әліпбиіне көшу туралы да  министр өз пікірін білдірді.

«Латын әліпбиіне көшу мәселесіне келетін болсақ, бұл маңызды жоба. Мұнда қателеспей, барынша мұқият болған жөн. Биыл баршамызға тиімді әліпбиді қабылдау керек. Бірнеше нұсқасын дайындау, оларды талқылап, тиімдісін қабылдау және одан әрі латын әліпбиіне көшу бойынша жұмыс жоспарын әзірлеу қажет», - деді ол.

Министрдің айтуынша, қазір арнайы комиссия құрылып, осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр. 

Еске сала кетейік, бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында 2017 жылдың соңына дейін латын әліпбиінің жобасын әзірлеуді тапсырған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір