• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 12:16:28
Алматы
+35°

26 Шілде, 2017 NEWS

Астанада өтетін марафонға қанша шетелдік қатысатыны белгілі болды

Қытайда марафонды жарнамалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Орталық коммуникациялар қызметінде Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен  Азиядағы өзара Ықпалдастық және Сенім шаралары жөніндегі Кеңестің Халықаралық Астана марафонына арналған баспасөз конференциясы өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов, ҚР Жеңіл атлетика Федерациясының атқарушы директоры Інжу Құсайынова, Астана қ.  дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маржықпаев Берік қатысты.

Баспасөз конференцияда марафон бағыты (cтарт, финиш, су алу пункттері), марафонға тіркелетін сайт мекен-жайы (нөмірлерді тарату, офлайн тіркелу ережелері), жарнамалық компания (фото, бейне жазбаларды БАҚ тарату, афишаларды қала көшелеріне ілу, демеушілерді шараға тарту) бойынша жасалып жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Қытайда марафонды жарнамалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 10 шілдеде People’s Daily New Media «Жэньминь Жибао» ұлттық сайтының ғимаратында Халықаралық Астана марафонын өткізуге байланысты баспасөз-конференциясы ұйымдастырылған болатын. Қытай астанасындағы кездесу үстіміздегі жылдың 22 мамырында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Жеңіл атлетика Федерациясы мен «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы арасында  ШЫҰ мен АӨСШК Халықаралық Астана марафонын өткізуге байланысты қол жеткізілген келісімі аясында өтті. Айта кетейік, осы жылы Азиядағы Өзара Ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске 25 жыл толып отыр. Осы атаулы датаны Халықаралық марафонмен бірге атап өту қажет деген шешім шығарылды.  

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Елсияр Баймұхамедұлының айтуынша, тараптардың бірлесіп жұмыс істеуінің басты мақсаты – ұзақ мерзімді, сенімді әрі тиімді серіктестік орнату. Сондай-ақ, аталған шараның арқасында елімізде жеңіл атлетика саласын жоғары деңгейге шығарып, жалпы спорт саласына жаңа дем береміз,-деді ол.

Сонымен қатар, ШЫҰ Астаналық марафоны «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында ең ауқымды спорттық-мәдени шара болатынын да атап өтті.

Елсияр Баймұхамедұлының айтуынша, тараптардың бірлесіп жұмыс істеуінің басты мақсаты – ұзақ мерзімді, сенімді әрі тиімді серіктестік орнату. Сондай-ақ, аталған шараның арқасында елімізде жеңіл атлетика саласын жоғары деңгейге шығарып, жалпы спорт саласына жаңа дем беретінін атап өтті. Сонымен қатар, ШЫҰ Астаналық марафоны «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында ең ауқымды спорттық-мәдени шара болатынын да айтты.

Інжу Берікқызы 24,25, 26 тамызда оффлайн тіркелудің ашылатынын айтты. Сонымен қатар, марафон қарсаңында, қатысушыларға нөмірлерді тарату шарасы ұйымдастырылатынын жеткізіп, әлемге танымал марафоншылардың шеберлік класы өтетінін хабарлады. 

Естеріңізге салайық, «ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 08:30-да өтеді. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен жалпы 30 кәсіби спортшыны тарту көзделген. Олар үш түрлі қашықтықта бақтарын сынайды: 42,195,10 шақырым және 2017 метр. Шетелден келетін қатысушылар саны 1000 адамды құрап отыр. Қазақстандық тараптан 4000 адам қатысады деп күтілуде. Марафонға қатысушылардың жалпы саны 5000 адам.  Марафонға онлайн тіркелу үстіміздегі жылдың 15-ші шілдесінде басталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір