• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 12:02:12
Алматы
+35°

27 Шілде, 2017 NEWS

ЭКСПО-2017: Иордания ЖЭК 20%-ға арттыруды көздеп отыр

Биыл Қазақстан мен Иордания арасындағы екі жақты дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 24 жыл толып отыр

Иордания 2020 жылға қарай жаңармалы энергия көздерінен алынатын қуатты 20% арттыруды көздеп отыр. Бұл жайлы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Иорданияның Ұлттық Күнін тойлау барысында  Иордания Хашемит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті хатшысы Ахмад Идрис Еннаб мәлімдеді. Өз сөзінде ол Иордания энергетика секторын әртараптандыру саласында қыруар жұмыстарды атқарып жатқанын және энергетикалық тәуелсіздікті арттыру үшін бар күш жұмсап жатқанын айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ЭКСПО-2017 Медиа орталығына сілтеме жасапү

 «Иордания өз тұрғындарының энергетикалық қажеттңіліктерін қамтамасыз ету үшін бар күшін салуда. Сондықтан энергия көздерін әртараптандыру Иордания үкіметінің басты мақсаттарының бірі. Иордания энергетика саласына тартылған инвестициялар көлемі бойынша салыстырмалы түрде өз өңірінің көшбасшысы. Мемлекеттің басты энергетика саясаты – мұнайға деген тәуелділікті барынша азайтып, табиғи газды дұрыс пайдалану және энергетика секторында жаңартпалы энергия көздерінің рөлін барынша бекіту. Энергетика саласын әртараптандыру бойынша Иорданияның энергетикалық стратегиясының басты мақсаты – энергетикалық қауіпсіздік пен экологиялық тұрақтылық», - деді Ахмад Идрис Еннаб.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Ермек Көшербаев Қазақстан мен Иордания барлық салаларда екі ел арасында өзара достастық пен бауырмашылдық қарым-қатынас орнағанын айта кетті. Иорданияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы екі елдің өзара тиімді ықпалдастықты ары қарай дамытуға ниетті екенін жеткізді.

«ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі тақырыбы бүкіл дүние жүзіне өзекті болып табылады және біздің ойымызша, бұл көрме алаңында қойылған жаңалықтар тек Қазақстан үшін ғана емес, жалпы әлем экономикасының дамуы үшін өте пайдалы болады деген ойдамыз. Иордания жаңармалы энергия көздері саласында жоғары әлеуетке ие және оның Кормеге қатысуы сол әлеуетті дұрыс бағытта дамытып, қолдануына ниетті екенін көрсетеді», - деді Ермек Көшербаев.

Еске сала кетсек, биыл Қазақстан мен Иордания арасындағы екі жақты дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 24 жыл толып отыр. Өткен уақыт аралығында екі ел арасында достық қарым-қатынас қалыптасты

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір