• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Мамыр, 12:50:35
Алматы
+35°

26 Қараша, 2012 NEWS

«Қамшының» талабын, Оңтүстіктің қадамын Қостанай да қолдады

Естеріңізде болса «Қамшы» порталы «1 қаңтардың» атын атап, түсін түстеп, аспандатпауды өзінің бұлжымас қағидасына айналдырған. Іле-шала Оңтүстік Қазақстан...

Естеріңізде болса «Қамшы» порталы «1 қаңтардың» атын атап, түсін түстеп, аспандатпауды өзінің бұлжымас қағидасына айналдырған. Іле-шала Оңтүстік Қазақстан облысынан да сүйіншілі хабар жетіп еді. Енді міне, «орыстанған» облыстардың да қозғалатын түрі бар. Оны Қостанай облысы әкімінің блогына жазылған мына хат пен оған жазылған жауаптан білдік. 

 

15 қараша 2012

Қаһарлы:

Құрметті Нұралы Мұстафаұлы!

Біздер жыл сайын бір түсініксіз жайттың куәсі болып жүрміз. Мысалы, желтоқсан айы басталмай жатып, «1 қаңтарды» қарсы алуға байланысты жарнамалар көбейіп (қала көшелерінде де, теле-/радио, газет-жорналдарда және т.б.), ал одан жарты ай бұрын болатын ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕСІ -16-17 ЖЕЛТОҚСАН тасада қалып қояды. Бұл жөнінде кезінде «Қамшы» порталы қазақ журналистеріне үндеу тастаған. Ата-бабаларымыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған атамекеніміздің ТӘУЕЛСІЗДІГІН алғаны ЕРЕКШЕ КҮН ЕМЕС ПЕ?

 

Осы орайда айта кетейін дегенім, жуырда аталған "Қамшы" порталында мақала жарияланды. Онда "Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

Асқар Мырзахметов тәуелсіздік мерекесіне дейін «1 қаңтарды»  жалаулатпауды қол астындағыларына тапсырғандығы айтылды.

Қостанай облысы да Қазақстанның жері емес пе? «1 қаңтарды» ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ ДЕЙІН жарнамалағанда ЕЛІМІЗДІҢ ҰЛТТЫҚ МЕЙРАМЫНА дұрыс көңіл бөлінбей қалады. Сонда біздер ЕГЕМЕНДІКТІ ЖАҚТЫРМАЙТЫН, ОҒАН ҚУАНБАЙТЫН болғанымыз ба?

Осыған орай ұсынысымыз: Тәуелсіздік күнін тойлап өткенге шейін «1 қаңтар» туралы жарнаманың да, қала орталығына (облыс қалаларында, аудандарында) шырша орнатылмаса екен. Тәуелсіздікті басқа мемлекеттер сияқты жақсы қарсы алайық? Не дегенмен ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ мәртебесі бар ЖАЛҒЫЗ мейрам ғой...

 

23 қараша 2012  

Жауап береді: Садуакасов Нуралы Мустафинович

Құрметті Қахарлы:

Шынында да, көп жылдар бойғы қалыптасқан дәстүрге байланысты, «1 қаңтардың» келуінен көп бұрын елді мекендерде мерекелік іс-шараларға дайындық басталады.

«1 қаңтар» жөніндегі іс-шараларды айдың басынан бастап жүргізу, сол сияқты мемлекеттік органдарының бекітілген тариф бойынша мерекелік іс-шараларға бөлінген бюджеттік қаражатты қаржы жылының аяғына дейін игерулерінің қажеттілігіне де байланысты.  Осы мәселе бойынша сіздің ұстанымыңызды қолдаймыз.

Бұдан бұрын жергілікті атқарушы органдарына «1 қаңтарды» қарсы алу жаңа мемлекеттік мереке - Тұңғыш Президенттің Күніне және ұлттық мереке - Тәуелсіздік Күніне орай тақырыптық ресімдеуден басым түспеуі жөнінен ұсыныстар берілді.

Тәуелсіздік Күні барша қазақстандықтар үшін ең басты мереке болды және солай болып қала береді де.

 

 

Кейбір сөздер «Қамшы» порталының ұстанымы бойынша «1 қаңтар» деп алынды.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір