• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Қыркүйек, 15:10:13
Ауыл шаруашылығы министрлігінің назарына! «Жем шөптің бағасы күйіп тұр, "Қамшыңа" жазшы», – дейді әкем

26 Қаңтар, 2018 Ұлы көш

Алтайдан Анадолыға, Анадолыдан Атажұртқа дейін (видео)

«Ыстамбұлдан шыққан қазақ» атты деректі фильм

25 қаңтар күні Алматыда «Ыстамбұлдан шыққан қазақ» атты деректі фильмнің тұсасу кесері өтті, деп жазады Qamshy.kz тілшісі.

Фильмде Алтайдан Анадолыға ауған қазақтардың тағдыры баяндалады. Бас кейіпкер Мүфтихан ақсақал 1943 жылы Қытайда туған. Ол 1951 жылы босқан көшпен бірге Түркияға жеткен. 1999 жылы елге оралған қария Қазақстандағы тұрмысына шүкіршілік етіп, өзінің өткен өмірін баяндайды. Ал, Түрік топырағында туып-өскен Ілияс Керім Атажұртқа келуді армандайды.

Фильмді Досым Сәтбаевтің жеке мәдени-ағартушылық қорының қолдауымен режиссер Райхан Рахим түсірген. Режиссер фильмді ашаршылық жылдары босқын болып шетке ауып, 1954 жылы елге оралған, оқыған интеллaигенция болғанына қарамастан өмірінің соңына дейін от жағушы болып жұмыс істеген атасы Тоқай Майлықараұлына арнаған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір