• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 13:12:17
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

04 Ақпан, 2019 Әлеумет

Күлге айналған үйді өз көзімен көрген журналист өрттің себептерін жазды

Бүлдіршіндер ана дүниеге ұйықтап жатқанда кетіп қалса керек...

Астанадағы өрт болған үйге барған 24.kz тілшісі Аслан Қаженов өзінің Facebook-тегі парақшасына өртке оранған "времянканың" күйін жазыпты. Өрттің себептерін де болжап көрді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.   

♦«5 баланың өлімі сенің мойныңда, Мадина Әбілқасымова!»

"Өрт болған жерге 09:48-де жеттік. Балалардың кереуеті, арбасы, киімдері мен ойыншықтардың қалдықтарын көріп, селк ете түстім. Жантүршігерлік жағдай. Ауыр қайғы. Эмоцияға беріліп тұратын жағдай жоқ, тез ес жинап, 09:50-де тікелей эфирге қосылдық.

Артынан көрші-көлем мен туған-туыстарын сөзге тартып көрдім. Камерадан сескенеді. Оңашада әңгімеге ашық. Сонымен, белгілі болғаны, қайтыс болғандардың барлығы да қыз бала екен. Үлкені 12-де. Артындағы сіңлілеріне бас-көз болып жүргені де сол. Әкесі жақын жердегі СТО-да қызмет етеді. "Анасы да жуырда ғана жұмысқа шыққан" дейді. Біз барған кезде олар болмады. Ол түсінікті де. Куәгерлердің айтуынша, өрт 10-ақ минутта лап беріп, барлық аумақты шарпып үлгерген. Алғашқыда айналасындағылар өз бетінше сөндіруге тырысыпты. Су әкеліп шашқан, тағысын тағы. Тіпті, бір азамат үйге кіріп, балаларды құтқаруға тырысқан. Көк түтін, түк көрінбейді, "жерді сипалағанда қимылдаған жан жоқ" дейді. Қолы мен бетін күйік шалған.

Бүлдіршіндер ана дүниеге ұйықтап жатқанда кетіп қалса керек. Үйден шығуға тырысып, жанталасқан әрекеттері байқалмайды. "Ұйықтаған жерінде жатыр" дейді өрт кезінде болғандар. Есік құлыпталмаған. Өйткені, дәретхана далада.

Қайғы жұтқан отбасының тұрған жері алақандай ғана. 30 шаршы метр. Осы аумақта 7 адам тамақ пісірген, кірлерін жуған, ұйықтаған дегендей. Ал, енді себебіне қатысты: времянка пешпен жылытылған. Яғни, күнделікті от жағылады. Бұған қоса, электрлі пеш те қолданған екен. Оның қалдықтарын өз көзімізбен көрдік. Сонымен қатар, үйдің қабырғалары тез тұтанғыш материалмен (пенопласт) қапталған. Тағы бір болжам - тоқтың тұйықталуынан болуы мүмкін. Бұл куәгерлердің аузынан алынған ақпараттар. Ал, нақты себебі әлі ресми шыққан жоқ.

Мұны тізбелеп отырғаным, қазір әлеуметтік желілерде әртүрлі жазбалар жарияланып, тіпті, кейбірі қатты бұрмаланып та кетіп жатыр. Осы тұрғыда оқиға орнында болған, өрт салдарын көрген, куәгерлерімен сөйлескен тілші ретінде осы білгендеріммен бөлісуге моральдық құқым бар есептеймін".

♦Тірідей өртеніп кеткен 5 баланың үлкені Альбинаның хаты...

♦Бес сәбидің мұң зары. "Біз Сіздерді күтеміз. Қош, әкешім, қош, ана!"

Ұсынған: Гүлім Жақан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір