• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Шілде, 15:47:29
"НЛО" деген жарықтық не болып шықты?(видео)

07 Ақпан, 2019 NEWS

Дәурен Абаев: Бұл қазалы оқиғаға жалғыз Әбілқасымова кінәлі емес

Бес баласынан бірдей айырылған ата-ананың қазіргі жағдайын, тіпті, елестету мүмкін емес, - дейді министр

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 4 ақпан күні орын алған қазалы оқиғаға байланысты пікір білдіріп, халықтың министр Әбілқасымованың «отставкаға кетуі» туралы талабына жауап берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Бұл – орны толмас қаза. Бес баласынан бірдей айырылған ата-ананың қазіргі жағдайын, тіпті, елестету мүмкін емес. Бүкіл ел бірнеше күннен бері қайғырып отыр», - дейді министр Абаев.

Өз сөзінде ақпарат министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желіде кеңінен таралған министр Әбілқасымоваға қатысты даулы пікірлерге келіспейтінін айтты.

«Барлық кінәні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымоваға арта салу – әділетсіздік.

Иә, ешкім де жауапкершіліктен қашпауы керек. Шындығын айтсақ, бұл елде қандай жағдай болмасын, оларға барлық мемлекеттік аппарат жауаптымыз. Дегенмен, Астанада болған жантүршігерлік оқиғаның біршама факторлары бар екенін ұмытпауымыз керек және барлық мәселе Әбілқасымованың жұмысына қатысты емес.

Мен Мадина Ерасылқызын білемін, ол да әйел, ол да үш баланың анасы, сондықтан бұл оқиға оның да жүрегін ауыртқаны сөзсіз. Сондықтан, мен тек сындарлы сын ғана қалып, оны қудалау тоқтатылады деп сенемін. Сондай-ақ, министр Әбілқасымованы өзіне сеніп тапсырылған жұмыстарға бей-жай қарамайтын өз ісінің маманы деп білемін», - деп айтып өтті Дәурен Абаев.

Ұсынған: Назерке Лабихан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір