• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 23:33:50
Алматы
+35°

22 Ақпан, 2019 Экономика

Қайырымсыз билік қазақтың билігі емес

Уругвайдың президенті Хосе Мухиканы замандастары әлемнің ең қайырымды  шенеунігі санап жатыр.

Уругвайдың президенті Хосе Мухиканы замандастары әлемнің ең қайырымды  шенеунігі санап жатыр.  77 жастағы Мухика президенттік айлығының барлығын түгелдей дерлік қайырымдылық шараларға аударып отырады. Осынысы үшін әлемдегі ең кедей әрі қайырымды президент саналмақ. Ол ай сайынғы алатын 12 500 доллардың тек 10 пайызын яғни 1250 долларын ғана қалтасында қалдырып қалғанын қайырымдылыққа жұмсайды екен. Ирландиялық Чак Фини.  81 жасқа келген Чак Фини «The Atlantic Philanthropies» қорының негізін қалаған депутат. Ол сырт көзге ештеңесі жоқ, бақыр тиынын санаған сараң болып көрінеді. Ол тіпті соңғы 30 жылда мейрамханаға барып түстенбеген, ірі супермаркеттерден сауда да жасаймайды, қымбат бағалы заттарды мүлдем сатып алмайды. Оның жеке қазынасында 7,5 млрд доллар қаржысы бар.  Ол соның 6 млрд долларын қайырымдылыққа жұмсаған. Білім саласына, денсаулық саласына, әлеуметтік пәтерлерді ұстауға салған әрине қаржысы марапатқа лайық. Американдық Джек Килби басында экономика саласы бойынша федеральды қызметте істеген. Одан кейін заманға сай калькулаторды ойлап тапқан Джек Килби де әлемдегі қайырымды адамдардың қатарында. Джек  Килби алғашқы микрочипті ойлап тауып  калькулатор мен есептеуіш машиналарды қолдануға болатынын дәлеледеді. Ол жыл сайын 10 млн долларын жетім балаларды демеуге жұмсайды.

Ал осы біз мемлекеттік шенеуніктердің мұндай қайырымды істерін естідік пе?  Бізде атқамінерлердің  жоқ-жітікке баспана алып беріпті, болмаса тағы басқа көмек қолын созыпты дегенін есту қиындау. 

Жалпы, еліміздің жалпы гентеика және цитология институтының мамандары  қайырымдылыққа бастайтын формула қазақтың генінде бар дүние екенін нықтап айтып жүргелі біраз болды.  Бұл турасында, жалпы генетика және цитология институты директорының орынбасары Бақытжан БЕКМАНОВ былай дейді: 
«Қайырымдылықтың негізгі формуласын француздар альтруизм деп санайды. Алтуризм дегеніңіз - басқаларға риясыз қызмет етуге тырысу. Бұл эгоизмге қарама-қарсы сезім. Бұл ұғымды гендік теорияға енгізген француз философы әрі әлеуметтанушысы О. Конт. Ол бойынша альтруизмнің «басқалар үшін өмір сүр» қағидасы қоғамды моральдық тұрғыда жетілдіруге көмектеседі. Біздің жадымызда жүруі тиіс нәрсе - марапат пен мадақтау күтпейтін альтруизм түрі қазақтың генінде басым. Сондықтан альтруизм қазаққа таңсық дүние емес».

Біз ғалымның осы сөзін негізге ала отырып әрі қарай талдап көрелік. Рас, қазір біздің қоғамда қайырымдылық жасау бар. Бірақ қайсыбір жерде биліктің атқаратын шаруасын жекелеген адамдар, жекелеген кәсіпкерлер атқарып жатқаны да шындық. Мысалы, біз жекелеген кәсіпкерлердің есебінен, еріктілердің есебінен жоқ-жітікке көмектесіп, баспана алып беріп, киім-кешекпен қамтып жатырмыз. Әлеуметтік мәселелерді осылайша қоғам қайырымдылық шаралары арқылы шешіпжатыр. Ал мамандардың пайымдауынша, болашақта қазақ үшін қайырымдылық концепциясын жетілдірудің маңызы зор.

Бұл ретте ғалым Бақытжан Бекаманов  «болашақта әсіресе әлеуметке көмек қолын созар  қазақ кәсіпкерлерінің қайырымдылық, ізгілік көрсету мәдениеті жоғарылатудың маңызы артары даусыз. Себебі қазірде көптеген іскерлік танытып жүрген кәсіпкерлеріміз халыққа пайдалы істер атқарып жатқаны шындық. Бізге жабайы кәсіпкерліктен арылатын кез әлдеқашан жетті. Сондықтан әрі қарай кәсіпкердің әлеуметке көмек қолын созуын жетілдіреміз десек, халықаралық тәжірибеге сай, заманға лайық бастамаларды қолға алып оларды жетілдіргеніміз жөн.  Сондықтан сауатты түрде жетілдіріп жіберсе, әр істің басы-қасында жүрген қазақ азаматтарының қайырымдылық мәдениетін тереңдете алатынына күмәніміз де жоқ» дейді.

Бұл арада да  мәселенің екі жағы болатыны тәрізді «әттеген-ай» дейтін тұстарымыз бар. Өкініштісі сол, қазақтың кейбір кәсіпкерлерінің өзі қызды-қыздымен қайырымдылықты атақ шығарудың жаңа тәсіліне айналдырып алғаны да жасырын емес. Мысалы, жетімдер үйіне бір теледидар мен бір компьютер сыйлап, сонысын бүкіл БАҚ өкілдерін шақырып алып көрсетіп, өзін-өзі жарнамалап жүргендер бізде жетіп-артылады. Мұндай әрекеттерге қарап «біздегі қайырымдылық концепциясының сипатының жеткен жері осы» дейсің амалсыз

Ақылды-ақылсыз қайырымдылық болатынын білесіз бе?

Бағамдасақ, қайырымдылықтың да ақылды-ақысызы болатын көрінеді. 
Мысалы, қандай да бір кәсіпкер балалар үйіне қымбат теледидарлар, унитаздар әкелді делік, шатыр, дуал орнатты, тіпті лагерьлерге балаларды демалуға апарды делік. Рас, бұл – қайырымдылық. Бірақ нақ осы қайырымдылықты мамандар «ақылсыз» қайырымдылыққа жатқызады. «Өйткені бұл игі істер балалар үйіндегі негізгі әлеуметтік мәселелерді шешпейді. «Бүгінгі күні балалар үйінің тәрбиелеушілерінің біліктілігін арттыру, балаларды ересек өмірге дайындау үшін және басқа көмектер қажет» дейді мамандар.

« Жоғарыдағы ресурстар текке кетіп, жәрдем нысанадан тыс кетеді. Сол барлық қымбат дүниелерді, теледидарларды жинап алып, сатып, бірнеше ұзақ мерзімді жобалар жасауға болар еді. Жобалар балалар үйінің жұмыс жасау жүйесін, ұжымды, балаларды өзгертетін еді. Бұл дегеніміз жүйені, қарым-қатынасты өзгертетін, стереотиптер мен мифтерді жоятын «ақылды» қайырымдылық болатын еді. Тағы бір мысал, жетім балалар жазда лагерьлерге кетіп, уақыттарын босқа өткізетін жағдайды алайық. Әрине, бұл да дұрыс. Бірақ мұның орнына өзге де шетелдерде тренингтер, семинарлар, оқыту арқылы оларды ересек өмірге дайындауға болады емес пе? Ертеңгі күні бұл оларға маңыздырақ болатын еді. Міне, біздің қазақ қоғамындағы қайырымдылық жасау мәдениеті осындай деңгейге көтерілсе, біздің болашағымыз да жарқын болар еді»,-дейді әлеуметтанушы Аймара Тілеукина.
Сөйтіп, мамандарымыздың пайымдауынша, қайырымдылық ілімін сызып, жобасын жасақтау елде қайырымдылық жасау мәдениетін көтереді. Бұл – біздің қоғам үшін нақ қазір қажеттілік.

   Қайырымдылықты жоспарлаңыз, бірақ жария қылмаңыз

Осылайша ғылыми тұжырым бойынша қайырымдылық жасауға да арнайы жоспар құрып, дайындалу керек екен. Ол үшін алдымен өзіңізге-өзіңіз «Қайда? Қалай? Не үшін?» деген сауалдарды қоя білгеніңіз жөн. Мысалы, «қайда» деген сұрақ сіздің қай жерде, қандай қайырымдылық жасайтыныңызды анықтайды. Сөйтіп, бұл сауалды өзіңізге жиі қою арқылы сіз өз қажеттілігіңізді де өзгені де қанағаттандыра алады екенсіз. Ал «қалай» деген сауал сізді қайырымдылық жасауға жан-жақты дайындалуға бағыттайды. Демек, сіз жай ғана қайырым жасай салмайсыз, бұл орайда мұқтаж жанға не қажеттігіне зерттеу жасайсыз. Қаржы кеңесшілерінің айтуынша, алға белгілі бір мақсаттар қойып, ол мақсаттарды тізіп, оған жетудің бағасын біліп, мерзімін анықтау қажет.
«Негізінде, жоспарлауға қатысты жоғарыда айтылған әрекеттер қайырымдылық жасай отырып, қалтаңыздағы қаржыны бақылаудың бір бөлігі болып табылады. Егер сіз «қайырымды іс жасауға кеткен шығысты келесі бір бизнес жоспарды іске асыру арқылы орнын толтырамын» деп ойласаңыз, ізгі істен аянбаңыз. Тіпті қайырымды іс жасау үшін бұрын жоспарланған мақсаттардың бірін құрбандыққа шалсаңыз да артықтық етпейді. Мұндай қайырымдылықтың сізге керісінше күш-қуат беретінін ғылым әлдеқашан дәлелдеген. Жалпы, қазақ өзі көпшіл халық қой. Кезінде тың игеру кезінде, соғыс кезінде, аумалы-төкпелі заманда көптеген ұлтты бауырына басты. Қайырымдылық біздің қанымызда бар. Осыны енді мемлекеттік қызметкерлерден бастап, қолында қаржысы бар кәсіп иелері сауатты меңгерсе, қайырымдылық жасау мәдениеті де дамитын еді. Әсіресе мемлекеттік қызметтегі шенеуніктер үшін жақсылық жасап жарысуды үйренген абзал», - дейді әлеуметтанушы Аймара Тілеукина. 

Қарлығаш Зарыққанқызы

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір