• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 02:10:59
Алматы
+35°

22 Ақпан, 2019 Әдебиет

Жаратқанмен пенде неге ойнайды?..

Орны толмас қателікті жасап ап, Жаратқаннан медет сұрау - дұрыс па?

Күдікпенен қарап атқан таңға ана,
Өз өзінен көңлің толмай барға ана,
«Бәрін Құдай біледі» деп қит етсе,
Жараса ма сүйей салу жарға ана?..

Көңлің толмай өзі келген ырысқа,
Аяқ асты мінез тауып тырыспа,
Орны толмас қателікті жасап ап,
Жаратқаннан медет сұрау - дұрыс па?

Құдай неге, барлығына шыдайды?
Құдай неге, өз пендесін сынайды?
Ана әйгілі қарақшы да қолы қан,
Жаратқаннан неге медет сұрайды?

Арамдықтар - арамдыққа қосылар,
Бар асқанның «ойны» түбі осылар,
Бай - кедей де, хан - қара да - нысап жоқ,
Кеш, опық жеп, Жаратқаннан не сұрар?..

Мисыз ба өзі сорлы пенде кәлласы,
Бөлек пе екен жалбарынып, сарнасы?
Қателікке көп ұрынғыш пендесін,
Кешіре ме, түсіп тұрған барға ісі?..

Жер қойнына барлық пенде барады,
Жан ұшқан соң, сүйек қурап қалады.
Сорлы пенде түбі өкінер болған соң,
Неліктен кеш Құдайды еске алады?

Заңдылық па, пақыр туу - батырдан,
Заңдылық па, жауын іздеу - жақыннан?
Жаратқанмен ойнайтындай бұл пенде,
Соншалықты кенде ме өзі ақылдан?

Байлық көрсе, адам неге тоймайды?
Шегін біліп, қояр жерде қоймайды?
Түбі опық жеп, қалары бар сансырап,
Жаратқанмен пенде неге ойнайды?..

Барғанымен бұны айтуға батылым,
Жетер емес дәл осыған ақылым!
Көп нәрсенің парығына бармайтын,
О, Жаратқан, мен де сенің пақырың!..

Жұмаш Көкбөрі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір