• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 06:21:18
Алматы
+35°

22 Ақпан, 2019 Ғылым-білім

Армандар картасын қалай жасаймыз?

Ал, армандар картасын қалай жасаймыз және оның орындалуы үшін не істейміз?

Қазіргі психологияның ішінде дамып келе жатқан тағы бір әдіс визуализация деп аталады. Әлемнің кез-келген психологы қолдап жүрген осы әдісті қаншалықты пайдаланып жүрміз?

Ал сіз армандар картасын жасап көрдіңіз бе? Әрбір арман орындалады. Тек оның құпиясын білсеңіз болды.

Бүгінде батыстан келген бұл тәсілді арманын жүйелеп, нақтылау үшін бірнеше адам жасап  жүр.

Бұл жердегі басты нәрсе адам алдымен өз арманынының орындалатынына сенуі керек.

Картаны жасаған кезде ол материалдық дүние болып көз алдымызда тұрады.

 Ал, армандар картасын қалай жасаймыз және оның орындалуы үшін не істейміз?

Армандар картасын жасағанда жақсы көңіл-күймен отыру және бар жақсы энергияңызды салу керек.

Шығыс ілімі бойынша картаны 9 секторға бөлеміз. Олар: ақша, мансап, отбасы, бала-шаға, жетістік, білім, саяхат.

Алдымен сектордың ортасына өз суретіңізді қоясыз.

Ақша. Ақша бөліміне ай сайын қанша ақша тапқыңыз келеді. Қалтаңызда  қандай  қаражат болғанын қалайсыз. Сол нәрселерді жазып қоясыз.

Отбасы. Отбасын құрып үлгермеген бойдақ болсаңыз өзіңіз армандап жүрген бақытты некенің суретін жапсырасыз. Ал отбасылы болсаңыз, күйеуіңіздің бала-шағаңыздың әдемі суретін алып жапсырасыз.

Бала-шаға. Келесі секторға болашақта бала-шағаңызды қалай көргіңіз келеді. Қалай еслестетесіз, сол туралы суретті салып, жапсырасыз.

Мансап бөлімінде жеткіңіз келетін мансабыңызды, жұмыс орныңызды армандап суретін салып қоясыз.

Жетістік. Өмірде қандай да бір істе жеңімпаз болып, жетістікке қол жеткізгіңіз келсе, алып жатқан наградаларыңызды немесе ұқсағыңыз келген жетістіктері бар адамның фотосын қойсаңыз болады.

Білім. Шет елде білім алғыңыз келе ме, әлде еліміздегі белгілі бір оқу орнында оқығыңыз келе ма? Міне, армандаған фотоларыңызды осы зонаға саласыз.

 Саяхат. Әлемнің қай жеріне саяхаттағыңыз келеді? Жерорта теңізі ме, әлде Дубай ма? Өзіңізге ұнаған жердің әдемі суретін қиып алып осы бөлімге жапсырамыз.

Армандар картасы – ол арманыңызды көз алдыңызда келтіріп мақсатқа айналдыруға көмектесетін көмекші құрал. Жаратушының шеберлігі шексіз екенін ұмытпай, қиялымызға қанат бітіріп, армандаудан қорықпайық.

                                                                                            Дайындаған: Әсем Мерекеқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір