• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 23:45:09
Алматы
+35°

25 Ақпан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Жылда "чиксаларды" қабылдайтын Елбасы биылғы мерекеде көп балалы аналарды қабылдаса...

Елбасының құлағына ертерек жетсін десеңіздер, бөлісіп жіберіңіздер. Кім біледі, "жаманның сандырағы келеді" деген...

Елбасының жылда 8 наурыз мерекесі қарсаңында қыз-келіншектерді жинап, құттықтайтын жақсы дәстүрі бар ғой.
Бірақ жылда төрт құбыласы тең «чиксалар» мен қуыршақтар барады сол жиынға. 
Тізімді жасайтын кім екен?.. ПА ма?
Биыл көп балалы Аналарды, жалғызбасты, жесір, мүгедек яки мүгедек бала бағып отырған Аналарды қабылдап, солардың көңілдерін бір көтеріп қойса, «мәселелеріңізді шешемін» деп сөз берсе, соның өзіне Аналар, Әйелдер мәселесі шешілгендей қуанар еді ғой.
ПА жетекшісінің құлағына алтын сырға. Әлі де кеш емес.
Тізімдеріңізді бір шолып, ырымға болса да бір-екі көп балалы Анаға, бір-екі жалғызбасты Анаға, бір-екі мүгедек Анаға, бір-екі мүгедек бала бағып отырған Анаға, Елбасы қабылдауына кіргізіп, сол кісінің қолымен мерекелік сыйлық ретінде пәтер кілтін табыстасаңыздар, ол кісі айтса, "эстафетаны Үкімет, облыс, қала әкімдері жалғастырады" деп, қандай керемет болар еді!
Сол мереке қарсаңында үкімет те, әкімдер де өз өңірлерінде сондай жомарт пейіл танытып, "щедрый жест" жасаса...
Мен де тыныш, құда да тыныш, құдағи да тыныш демекші...
Бұл да саясат қой... элементарный саясат... сайлау алдында осындай құнды кеңесті сіздерге ешкім айтпаған болса, мархабат, бұл идеямды да тегін берем.  Сіздерден аяғанды ит жесін.

ПА-ның, Елбасының құлағына ертерек жетсін десеңіздер, бөлісіп жіберіңіздер. Кім біледі, "жаманның сандырағы келеді" деген...

Сәуле Әбілдаханқызының Facebook-тегі парақшасынан

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір