• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 23:45:14
Алматы
+35°

25 Ақпан, 2019 Әлем

39 жыл түрмеде отырған Калифорния тұрғыны Крейг Колиге Америка билігі 21 млн доллар өтемақы төлемек деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Gulf Times хабарлады. 

1978 жылы Колиді америкалық әйел мен оның 4 жастағы баласының өліміне кінәлі деп тауып, өмір бойы бас бостандығынан айырған. Алайда 2015 жылы аталмыш қылмысқа қатысты жаңа айғақтар табылып, 2017 жылы Крейг Коли 70 жасында бостандыққа шығады. 

Билік Колиге 4,9 млн доллар өтемақы төлеуге уәде берген. Сондай-ақ 39 жыл жазықсыз түрмеде отырған америкалыққа басқа да құзырлы органдар өтемақы төлеу керек болған. 21 млн доллар Колиге берілген екінші өтемақы екен. 

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір