• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 12:16:44
Алматы
+35°

25 Ақпан, 2019 Саясат

Асқар Мамин ҚР Премьер-министрі болды

Астанада Елбасының қатысуымен Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы басталған еді.

Бүгін Праламенттің мақұлдауымен Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, Астанада Елбасының қатысуымен Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы басталған еді. Отырысты ашқан Мемлекет басшысы Үкіметтің халық алдындағы жауапкершілігі жайлы айтты. Әрі Парламенттің қарауына премьер-министр лауазымына Асқар Маминды  ұсынған. Депутаттар бірауыздан Назарбаевтың ұсынысын мақұлдады. Нәтижесінде, Елбасы Маминды премьер-министрлікке тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. 

Асқар Мамин: 

  • Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген.
  • Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген. Инженер-құрылысшы, экономист.
  • Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінің құрастырушысы болып бастады.
  • Кейіннен кәсіпкерлікпен шұғылданды.
  • Ақмола арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары
  • Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.
  • Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі
  • Индустрия және сауда бірінші вице-министрі
  • 2005 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалған.
  • 2006 ж. қыркүйек айынан Астана қаласының әкімі.
  • 2008 ж. сәуір айынан „Қазақстан темір жолы“ ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті болып тағайындалды.
  • 2016 ж. қыркүйек айынан бүгінге дейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

 Ұсынған: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір