• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 19:12:20
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

09 Мамыр, 2019

Танымал композитор көпбалалы отбасына 4 бөлмелі пәтер сыйлады ( видео)

Кештен жиналған барлық қаражатты тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылыққа жұмсаған.

Еркеш Шәкеев Алматыда өткен авторлық кешінде көпбалалы отбасыға 4 бөлмелі жиһазы бар пәтер сыйлады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі

Дереккөздеріне сүйенсек, мамыр айының жетінші жұлдызында Алматы қаласының Республика сарайында өткен концерт музыкант Еркеш Шакеевтің өнерде жүргеніне 30 жыл толуына орай және көпбалалы, тұрмыс-жағдайы қиын отбасыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған екен.

Елордада тірідей өртеніп кеткен бес қыздың тағдырына қатты алаңдап, алаңдап қана қоймай, ерге тән ерлік жасауды көздеген композитор кештен жиналған барлық қаражатты тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылыққа жұмсаған.

Еркеш Шакеевтің бұл ерлігін кешке жиналған қонақтар әлеуметтік желіде жарыса жариялады.

"Бүгін Республика сарайында Еркеш Шәкеевтің керемет кеші өтті. Бізде талантты адамдар өмір сүруде. Жарайсыз, Еркеш! Композитор өзінің достарымен бірге концертке жиналған қаражатқа 4 бөлмелі пәтер алып, көпбалалы отбасыға табыс етті. Пәтердің кілтін сахнада көпбалалы әйелдің қолына ұстатты", - деп жазды тыңдармандардың бірі.

 Бұл кеште Алматы симфониялық оркестрі, мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, дирижер Қанат Омаров, Александр Иванов және "Рондо", "Tengri", "Mezzo", "Асыл", "Molto Loud" топтары, Oliver Poole, Mezzo тобы, Марат Бисенғалиев, A’Studio, Карина Абдуллина, Толқын Забирова, Динара Сұлтан, Bianca Nicholas өнер көрсетті. 

Ұсынған: Мақпал Сембай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір