• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Шілде, 10:08:06
Тоқаев Қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады

14 Мамыр, 2019 Әлемде

Басшыңыздың қандай екенін білесіз бе?

Басшыңыздың кемшіліктерін анықтаңыз.

Google ең жақсы деп саналатын басшылар арасында таралған сегіз мінез-құлық үлгілерін анықтаған және осы мінез-құлық модельдерін дамыту үшін барлық менеджерлерді оқытуды бастады.

Уақыт өте келе, Google кадрлардың тұрақсыздықты, қанағаттанушылық және жылдамдық  сияқты негізгі көрсеткіштерді айтарлықтай жақсартты.

Бірақ компанияның өсуіне қарай менеджерлерге қойылатын талаптар да артты. Google өз зерттеулерін жалғастырды. Олар көп білді де, өз тұжырымдарын жетілдірді.

"Біздің бақылауымыз бойынша уақыт өте келе Google-дағы үздік менеджерлердің сапасы компаниямен бірге өсіп, дамығанын анықтадық", - дейді Мелисса Харрелл и Лорен Барбато. Олар осы компанияның қызметкерлері.

Google зерттеуінің екінші  бөлігінде  ішкі зерттеулердің барысында, Google және қызметкерлердің пікірлеріне сәйкес мінез-құлық модельдерін жаңартып, содан кейін оларды текскру мақсатында, жұмыс барысна енгізе бастады.

Осының нәтижесінде олар жаңа ереже қалыптастырды.

Google-дың  үздік менеджерлерінің мінез-құлқының 10 үлгісі, сондай-ақ, өз компаниясында оны қалай дамыту туралы кейбір практикалық кеңестер.

1. Жақсы жаттықтырушы

Жақсы жаттықтырушы проблеманы болжай алатын және пайда болғанда тез шешімін таба алатын адам. Олар осы проблемаларды оқыту үшін пайдаланады. Менеджерлер күрделі проблемаларды қажетті бағытта және қажетті уақытта шешіп, командаға бағалы тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

2. Тапсырма беріп, өзі кіріспейді

Көбінде адамдар микроменеджментті ұнатпайды. Жақсы жетекші өз адамдарына тапсырмадан кейін еркіндік береді  -  соның арқасында олар жаңа идеяларды зерттеу, тәжірибе жасау, өз жұмыс стилін дамыту және бейімдеуге мүмкіндік алады.

3. Инклюзивті  командалық орта құрып,  табысқа және игілікке жетуін көздейді

Команда жұмысында сенім болуы керек. Жоғары психологиялық қауіпсіздігі бар командада қызметкерлер  өз командасының мүшелерін қалдап қоймай, тәуекелге жол бере алады. Олар жаңа идеяларын ортаға салып, жіберілген кішкентай қателіктерін жөндеуге мүмкіндік алады.

4. Нәтиже мен  нәтижеге бағытталу

Білікті  менеджерлер қоршаған ортаны жақсы етеді. Олар өз командаларын алдыға қарай жылжуына үлкен септігін тигізеді.

5. Жақсы коммуникатор

Ұлы менеджерлер - тамаша тыңдаушылар, бұл өзара түсіністікке көмектеседі. Олар сондай-ақ ашықтық жалпы команда үшін тиімді екенін түсінеді.

6. Жұмыста өсуді қолдау

Ең үздік кәсіпорындар жұмыскерлеріне жұмыста өсіуін қолдайды. Себебі адамдарға бір сарынмен жүрген ұнамайды және ол тез жалықтырады. Олар сондай-ақ жеке пайда үшін өз адамдарын ұстамайды. Керісінше команда мүшелерін қолдап, өз мақсаттарына жетуге көмектеседі.

7. Айқын көрінісі мен стратегиясы бар

Тиімді менеджерлер бәрін болжап, жақсы нәтижеге жетуді көздейді. Олар сондай-ақ стратегияны орындау үшін қандай нақты іс-әрекеттер қажет екендігін жоспарлап отырады.

8. Кеңес беру үшін техникалық толық қамтылуы  шарт

Жақсы басшылар өздері басқаратын міндеттерді жақсы түсінеді. Жаңа жұмысқа келген менеджер  жұмыскерлері мен жұмыс барысын тануға уақыт алады. Бұл уақытта басшының ұжымды жақынырақ танысуға мүмкіндік алады. Осындай жұмыстың жүргізілудің  арқасында бедер мен сыйластыққа ие болады.

9. Ортақ тіл табу

Кейбір мамандар ұжымның ішіндегі пайда болған бәсекелестікті жоюға тырыспайды. Бұл дұрыс емес. Нағыз мамандар ортақ тіл тауып, жақсы нәтиже көрсетуге тырысады.

10. Жауапкершілікті алу

Жақсы мамандар жауапкершілікті өз мойнына алады. Олар қиын шешімдер қабылдайды, оның жауапкершілігін өз мойнына алады. Содан кейін олар істі аяғына дейін жеткізуге міндеттенеді. Әрине, бірінші қадам — менеджердің тиімді мінез — құлқын анықтау, қарапайым болу. Іске асыру-ең күрделі бөлік. Бірақ дәл осындай менеджерлер сіздің адамдарыңызға және сіздің компанияңызға үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір