• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

25 Мамыр, 2019 Спорт

Данияр Елеусіновтың кәсіпқой бокстағы жетінші қарсыласы анықталды(видео)

Осыған дейін Даниярдың қарсыласы Мигель Замудио болуы тиіс еді, бірақ Мэрилен комиссия мүшелер мексикалықты алаңға шығуға жарамсыз деп тапты.

Қазақстанның намысын қорғап жүрген Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов(6-0, 3 КО) кәсіпқойлар құрамында өзінің жетінші жекпе-жегін Чилидің былғары қолғап шебері Луис Норамбуэнмен(3-1-1, 0 КО) өткізеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Орташа салмақта өнер көрсететін қос боксшының жекпе-жегі АҚШ-тың Мэриленд штатына қарасты Оксон-Хилл елді мекенінде өтетін бокстың андеркарт бөлігіне жатады. Басты кездесуде жеңіл салмақтағы WBC International атағының иегері Дэвин Хэйни(21-0, 13 КО) мен мексикалық Антони Моран(24-3, 17 КО) қолғап түйістіретін болады.

Осыған дейін Даниярдың қарсыласы Мигель Замудио болуы тиіс еді, бірақ Мэрилен комиссия мүшелер мексикалықты алаңға шығуға жарамсыз деп тапты.

Бұл 27-жастағы Елеусіновтың АҚШ- тағы төртінші кездесуі. Ол 2018 жылдан бастап, кәсіпқойлар деңгейінде сынға түсті. Сонымен қатар, Ұлыбританияда екі рет бағын сынап, бір рет Монакода өзін көрсеткен.

Даниярдың құрдасы Норамбуэно де 2018 жылдың тамыз айынан бастап кәсіпқой деңгейге өтті. Жартылай салмақтағы алғашқы кездесуін туған жерінде өткізіп, қарсыласымен тең түскен, осыдан кейінгі Чилиде өткізген үш жекпе-жекте де жеңісті қанжығасына байлаған. АҚШ-тың төрінде 10-мамырдан бастап бағын сынап, алғашқы жарыста америкалық Вардгес Варданянға(7-0, 1 КО) есе жіберген.

Қарсыластар бүгін салмақтарын өлшеді. Екеуінің де салмағы 147 фунттан(66,678 келі) асты. Екі тараптың келісімі бойынша, артық салмаққа рұқсат етілген. Отандасымыздың салмағы қарсыласына қарағанда 454 грамм ауыр. Демек 68,129 келі мен 67,675 келі сынға түсетін болады.

Елеусінов пен Норамбуэноның қатысуымен өтетін бокс Нұр-Сұлтан уақыты бойынша мамыр айының 25-нен 26-сына қараған түні басталады. Қазақстандықтың сайысын елімізде тікелей эфирден көрсетеді.

Аударған: Бек Байтас

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

11 пікір

ерасыл 16 Ақпан, 2018

коп жер кетты кисык коздерге еше сурап отрганын карамаисын ба буга берсен суга береды деген атам

Тобылгы 17 Ақпан, 2018

Жер бнрлмесн , онсыз егемендик болмаиды

Көкбөрі 17 Ақпан, 2018

Жер деген мәселены үмытындар. Сатылмайды да жалғада берілмейді. Мұнай саттындар, уран саттындар, тілді саттындар , халықты саттындар. Білімі жоқ коммерсанттер.

өнер 17 Ақпан, 2018

ұры шалды құлататын тек аблязов басқалар қуыршақ құр сөз қуғандар алға двк.

жұма 17 Ақпан, 2018

Халық қашан жерінің қызығын,жеріндегі байлығының қызығын көрер екен,Түбінде ол күнге де жетерміз ,Бәрі өз орындарын табар