• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:08:43
Алматы
+35°

28 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Емделу үшін анасы және бауырымен бірге Үндістанға кеткен Алматылық Диана Ыстыбаева сол жақта көз жұмыд деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан  сайтына сілтеме жасап.

Қатерлі ісікке шалдыққан қазақстандық Диана Ыстыбаева Үндістанда көз жұмды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. 

"Өкінішке қарай, ол кеше қайтыс болды. Қазір біз оның денесін мемлекет есебінен Қазақстанға жеткізу үшін барлық қажетті көмекті көрсетіп жатырмыз", - деді Смадияров сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Айта кетсек, 23 жастағы алматылық Диана Ыстыбаева емделу үшін анасы және бауырымен бірге Үндістанға кеткен еді. Алты жыл бұрын дәрігерлер оған "шынтақ буыны саркомасы" диагнозын қойыпты. Дәрігерлер қыздың қолын иығына дейін кесіп тастауға мәжбүр болған.

Алайда үндістандық дәрігерлер қазақстандық бойжеткенге көмек көрсете алмады. Ауру әбден асқынып кеткен.

Алматылық қыздың соңғы тілегі елге оралу болатын.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір