• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:56:17
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019 Аймақтар

Жамбыл облысы 100 пайыз газбен қамтылады

Облыс орталығынан бөлек, аудан, ауыл тұрғындарын да газбен қамту тұрақты жалғасып келеді.

  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жариялаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде түрлі салаларға байланысты нақты бес бастама ұсынып, оны орындауды тиісті басшыларға тапсырған болатын. сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы бесінші бастамада еліміз үшін маңызды салалардың бірі – елді газбен қамтамасыз ету жайын айтқан болатын. Осы орайда Президент тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында тұрғындарды көгілдір отынмен қамту деңгейі артты. Облыс орталығынан бөлек, аудан, ауыл тұрғындарын да газбен қамту тұрақты жалғасып келеді.

  Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, бүгінде облыстағы 377 елдімекеннің 48 пайызы газдандырылған. Бұл республикадағы өзге өңірлермен салыстырғанда анағұрлым жоғары көрсеткіш. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей тапсырмасына сәйкес, облыс тұрғындарын тиімді жолмен көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары әлі дежалғасын тауып келеді. Жамбыл өңірінде 2019-2027 жылдары қосымша 196 елді мекенді газдандыру жоспарлануда. Яғни, басым бағытты стратегиялық мақсаттар көзделген 2030 жылға қарай Жамбыл облысы 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылатын болады.

  Айта кетейік, 2017 жылы Жамбыл облысының бюджетінен аталған мақсатқа 525 миллион теңге бөлініп, 43 524 миллион теңгені құрайтын 11 жобалық сметалық құжаттар дайындалған. Аталған жұмыстардың барлығы да облыс тұрғындарын көгілдір отынмен қамту мақсатында айтарлықтай жұмыстардың атқарылып жатқанын көрсетеді.

  Елбасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінің бесінші бастамасында елімізді одан әрі газбен қамту бойынша Орталық және Солтүстік Қазақстанға жаңа газ құбырын тарту жобасы бастау алатынын айтқан еді. Бұған қоса, Елбасы бес бас­та­маны іске асыру үшін қан­ша қаражат жұмсалатынын мәлімдеген еді. «Турасын айтқанда, мұның бәрі мемлекет үшін арзанға түс­пей­ді. Бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру үшін жалпы 2,6 триллион теңгеден астам қар­жы бөлуді жоспарлап отырмыз. Бұл – өте үлкен қаражат, біз­дің адамдарымызға, олардың бола­ша­ғына бағытталған тікелей ин­вестиция. Мұндай әлеуметтік саясат жалғаса береді», деген болатын Елбасы. Мемлекеттің беріп отырған бұл мүмкіндігі Жамбыл облысы тұрғындарының да игілігіне ортақ.

Дулат Айтбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір