• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:31:18
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2019 Аймақтар

«100 жаңа оқулықтың» жемісін жамбылдықтар да көруде

Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асатындығы жазылған еді. Бұл бастама бүгінде өз бағдарын тауып, жемісін беруде.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асатындығы жазылған еді. Бұл бастама бүгінде өз бағдарын тауып, жемісін беруде.

Айта кету керек, бағдарламаның «100 жаңа оқулық» жобасының негізгі мақсаты – мемлекеттік тілде гуманитарлық білім бағыттары бойынша студенттердің толыққанды білім алуы үшін жағдайлар жасау, әлемнің озық оқулықтарын түпнұсқадан қазақ тіліне аудару. Бүгінгі таңда Жамбыл облысына жоба аясында аударылған 19 кітаптың 7000-ға жуық данасы  келіп түсті.

Аталған кітаптар облыстық, қалалық және аудандық және жоғары оқу орындарының кітапханаларына үлестіріліп берілді. Қазіргі таңда кітаптардың электронды үлгілері әзірленіп, интернет желілеріне орналастырылған. Жобалық офис кітаптардың QR-кодтары бедерленген арнайы тақтайшалар әзірлеп, Тараз қаласы мен аудан орталықтарында адам көп шоғырланатын орындарға орналастыруды қолға алуда.

Сонымен қатар жобалық офис М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қолдауымен әр апта сайын бір кітапты таныстырып келеді. Осы жылы 30 кітап аударылып, оқырманға таныстырылады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ аймақта латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшу бойынша да жоспарлы  жұмыстар жүргізілуде.

– ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 Өкімімен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Осыған сәйкес облыстық іс-шаралар жоспары әзірленіп, жүйелі жұмыстар жолға қойылған.

Жаңа қазақ әліпбиін өңір тұрғындарына кеңінен түсіндіру мақсатында арнайы бейнеролик әзірленіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында пайдалану үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолданды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жанынан Латын әліпбиін үйрету оқу-әдістемелік кабинеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі» кафедрасы, облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығында «Рухани жаңғыру: латын әліпбиі» кабинеті ашылып, латын негізді қазақ әліпбиіне көшу жөнінде облыс тұрғындарына әдістемелік көмектер көрсетілді,-дейді «Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі» мекемесінің директоры Серікбол Берікқожа.

Латын графикасына негізделген қазақ жазуын түсіндіру, азаматтардың жаңа әліпбиді үйренулеріне мүмкіндіктер жасау мақсатында облыстық тілдерді дамыту басқармасы тарапынан 4 әлеуметтік жоба аясында 120-дан аса іс-шара өткізіліп, оған 150 мыңға жуық адам қамтылған. Сондай-ақ  биылғы жылы 2 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

Бақыт Жалғас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір