• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:03:07
Алматы
+35°

06 Маусым, 2019 NEWS

Қазақстан бойынша алдағы 3 күнге арналған ауа-райы болжамы

6-8 маусым аралығында жоғарғы циклонның әсерінен күн жауын-шашынды болады.

5-7 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысында және 6-7 маусым Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында жаңбырға байланысты өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМК мәліметтеріне сүйене отырып. 

Қазақстанға тропосфералық ағындармен Баренц теңізі аймағынан дымқыл және салқын ауа түсуін жалғастырады. Сондықтан Қазақстанның көптеген облыстарында найзағаймен өткінші жаңбыр және ұйтқымалы жел соғады.

Республикамыздың солтүстік жартысында жоғарғы циклонның ықпалынан кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Ал батыс облыстарына жоғарғы атмосфералық қысым таралады, сондықтан жауын-шашынсыз, температура климаттық нормаға жақын болады.

6-7 маусым күндері Алматы қаласының іргелес аумақтарында нөсер жаңбырдың болуына байланысты, кей жерлерде қатты ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

06 маусымда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға назар аударсақ, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, дауыл, жел 15-25 м/с күтіледі, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ жауады.

Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл, жел түнде кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ, жел 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл болады. Алматы, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, Алматы облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауылмен, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл болады, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында күндіз қатты ыстық сақталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір