• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 12:48:16
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

24 Маусым, 2019 NEWS

Әйелдің үстіне базардың қабырғасы құлап, қаза тапты

"Шахристан" базарының қабырғасы құлап, өтіп бара жатқан әйелді басып қалды

Тараздағы Жамбыл алаңында бұрынғы «Шахристан» базарының қабырғасы құлап, сол жерден өтіп бара жатқан әйелді басып қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, «Көне Тараз» тарихи-археологиялық паркінің жанында орналасқан «Шахристан» базары қайта жаңғыртуға байланысты жабылған болатын. Жоспар бойынша, бұрынғы базар «Шахристан» атты тарихи-музей кешеніне айналуы тиіс. Биыл базардың ғимаратын сүру және кешенді салу жұмысы басталған болатын.

Қайғылы оқиға бүгін базар аумағына кіретін маңда қоқыс тазалау кезінде болған. Сол жерден жолай өтіп бара жатқан әйел құлаған қабырғаның астында қалып қойған. Бұл жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде жарияланып, қала тұрғындары арасында қоғамдық резонанс туғызды.

«Қоқысты тиеп жатқанда инертті материалдың салмағына шыдай алмай, қабырға қираған. Айта кетейік, бұрынғы базардың қоршау қабырғалары сапалы кірпіштен жасалған, сондықтан бұзылмай, құрылыс жүріп жатқанда аумақты көзден тасалап тұратын қоршау ретінде қалдырылған еді. Құрылыс аяқталған соң оны сүріп тастау жоспарланған. Қазіргі таңда марқұмның туыстарына қажетті көмек көрсетілді. Құқық қорғау органдары аталмыш жайт негізінде қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр. Тергеу нәтижесі шыққан соң кінәлі азаматтарға тиісті шара қолданылады», - деп мәлім етті қала әкімдігі.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір