• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:37:58
Алматы
+35°

24 Маусым, 2019 Барлық аймақтар

"4 адам қайтыс болып, 16 адам зардап шекті": Арыстағы жарылыс 10 жылдан кейін қайталанды

Арыс қаласында бұған дейін де жарылыс болған. Төтенше оқиға араға 10 жыл салып қайталанып тұр.

Бүгін Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқ-дәрі сақталған қойма жарылды. Аталмыш жайтқа байланысты құзырлы орган өкілдері мардымды мәлімет бермей отыр. Арыс қаласында бұған дейін де жарылыс болған. Төтенше оқиға араға 10 жыл салып қайталанып тұр. Ресми деректерге сүйенсек, 2009 жылы оқ-дәрі сақталған қоймадағы жарылыс салдарынан 4 адам қайтыс болды, 16 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің арасында әскери қызметкерлер де, қарапайым тұрғындар да болған. Олардың 6-ын күйік шалып, аурухана жеткізіліпті. 

Ресми жеректерге сүйенсек, сол күні сағат түнгі 21:15-ке дейін 3-4 рет жарылыс болған. 

Оқ-дәрі сақталған қойма Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы Дарбаза ауылынан шамамен 10 километр қашықтықта және Арыс ауданынан жеті километр қашықтықта орналасқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір