• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:18:41
Алматы
+35°

Атырауда 20 тонна гуманитарлық жүк жиналды. Оның ішіне азық-түліктер, жеке гигиена құралдары және бірінші кезекте қажетті заттар кіреді.
«Дина» сауда орталығы директорының айтуынша, мұнайлы өңірден алғашқы гуманитарлық жүк бүгін, яғни 25 маусым күні аттанады. Көмекке сауда орталығынан жалға алып отырған 100-ден астам кәсіпкер қатысты.
- Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерді қолдауға және тұрғындарға көмек көрсетуге шақырды. комек Біз "Арыс, біз біргеміз" атты жалпы қазақстандық акцияға қатысуға шешім қабылдадық. Осының арқасында 20 тонна қажетті жүк жиналды. Қазір біз барлық жүктерді тиеп жатырмыз. Жақын арада гуманитарлық көмек жөнелтілетін болады. Бұдан бөлек, БАҚ жариялаған банк шоттарына қаражаттарын аударуда,- дейді «Дина» сауда орталығының директоры Нұрлан Тәуекел. комек
Айта кетейік, 24 маусым күні таңертең Арыс қаласында әскери бөлімнің қоймасында жарылыс орын алған болатын. Қоймаларының бірінде өрт басталып, артынша жарылысқа ұласқан. Барлық тұрғындар эвакуацияланып, жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. комеккомеккомеккомек

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір