• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:26:52
Алматы
+35°

02 Шілде, 2019 NEWS

Бүгін күн тұтылады: Астрономиялық құбылыстың қандай әсері бар?

Астроном мамандар бұл құбылысты қалай көруге болатынын мәлімдеді.

Бүгін түнде сирек астрономиялық құбылыс - Күннің тұтылуы болады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Өкінішке қарай, қазақстандықтар Күннің тұтылуын тамашалай алмайды, бірақ онлайн-трансляция арқылы көру мүмкіндіктері  бар.

Күн тұтылу 4,5 минутқа созылады. Толық фазаның ұзақтығы – 33 секунд. Күн тұтылудың ең жақсы көрінетін кезеңі Мәскеу уақыты бойынша сағат 22:23-те. ал Қазақстанда 3 шілде түнгі 01:24-те Күн толығымен тұтылады. Айта кетсек, бұл сирек кездесетін құбылыс. 

Құбылысты Чили мен Аргентина елдерінің тұрғындары ғана тамашалай алады екен. Тынық мұхиты жақта басталатын тұтылу Чили мен Аргентина тұрғындарына байқалады. Эквадор, Бразилия, Уругвай және Парагвайда, сандай-ақ, Тынық мұхитының кейбір аралында жартылай көрінеді.

Әлбетте Күннің тұтылуы кейбір адамдардың психологиялық жағдайына әсер етпей қоймайды. Бұл күні басыңыз ауырып, мазаңыз қашуы мүмкін. Адамдардың бойын үрей билейді, күмәншіл болып, тынышсыздана бастайды. Тез ашуланғыш, айналасындағыларға өкпелегіш келеді. 

Дәл осындай астрономиялық құбылыс кезінде адамдар арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары артатыны анықталған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір