• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:25:49
Алматы
+35°

10 Шілде, 2019 NEWS

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй өртке оранды (видео)

Нұр-Сұлтанда зәулім "Ұлыбритания кварталы" тұрғын үй кешені өртенді

© Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда зәулім "Ұлыбритания кварталы" тұрғын үй кешені өртенді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ ТЖК мәліметінше, 9 шілдеде 19:39-да Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД "101" кезекші пультіне Алматы ауданындағы Сарқырама көшесінің қиылысында орналасқан "Ұлыбритания кварталы" тұрғын үй кешенінің алтықабат үйлерінің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.   

Сурет ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен

Куәгерлер жолдаған видео 19:46-да бірінші өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің шатыры өртеніп жатқан, жалын шарпыған аумақ шамамен 100 шаршы метр болған.

Тұрғындар эвакуацияланды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.  Куәгерлер жолдаған суреті Өрт сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамының 51 маманы мен 11 арнайы техникасы жұмылдырылған.

Түтін алыстан көрінеді.

ҚР ТЖК ІІМ хабарлауынша, қртке қарсы жұмыс кезінде өрт қауіпсіздік ережелері бұзылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір