• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:49:06
Алматы
+35°

26 Шілде, 2019 Әдебиет

"Неменеге асықтың, қарындасым?!"

Бірнеше күн бұрын қара нәсілдіге тұрмысқа шыққан қазақ қызының видеосы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсті.

Неменеге асықтың, қарындасым?!
Күні бүгін бітердей жалын жасың.
Аластамай алдымен айналасын,
Алаш қалай алға озып, адымдасын?!

Қимас қалқам едің-ау көзі қара,
Сыйлас жанды тауыпсың өзі қара.
"Қыдырмашы қыз оңбас" деп түйетін
Бабамыздың дөп айтқан сөзі - дана.

Тілім тістеп, аузыма құм салынды,
Көңіл құрғыр болар ма мұнша мұңды?!
Ана-Ғасыр аманат етіп берген
Қара нəсіл былғады құрсағыңды!

Анаң сенің ах ұрып, алаңдай ма?
Əпке-жеңгең бағыңды бағамдай ма?
Арыстандай ақырар əкең қайда?!
Жолбарыстай атылар ағаң қайда?!

Неменеге жетістің, қарындасым?!
Қазақ қызы емес пе ең бағың басым.
Аңғал қыз-ай, ұлырсың Айға қарап,
Ұлылығын ұлтыңның сағынғасын!

Серік СЕЙІТМАН

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір