• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:24:26
Алматы
+35°

Жолаушы тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бірқатар тапсырмалар берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ол туралы қала әкімі фейсбук әлеуметтік желісінде жазды. 

"Бүгін әкімдікте қоғамдық көлік саласының жұмысын жете қарадық. Нақтылы жұмыстар жүруде. Жылжымалы составтың автобус паркі жаңаруда. Жолайрықтарын салу жалғасуда. Дегенмен, шешімін күткен мәселелер бар", - деді әкім.

Біріншіден, автобус парктері үшін білікті кадрлар — жүргізушілер, сервисті мамандар, яғни слесарьлар мен механиктер және басқалары жетіспейді. Оларды даярлаудың жүйесі жоқ. Қалалық мобилділік (Телібаевқа) және білім (Қожабергенова) басқармаларына білікті кадрлар дайындаудың нақтылы шараларын жасауды тапсырдым. Бұл жұмысты кадрлар қажеттілігіне болжам жасап уақытылы әрі колледждердің оқу жоспарына сай жүргізген жөн. Апта ішінде Телібаев бұл процессті ұйымдастырудың нақтылы механизмін ұсынуы тиіс.

Екіншіден, экологиялық таза көлік — Алматының троллейбус желісі дұрыс бағаланбай келеді. Бұлардағы байланыс желілері тозған, күн сайын үзіліп жатады. Әкімдікке қаланың барлық троллейбус желісін жөндеуді тапсырдым. Биылғы жылдың өзінде Тимирязев көшесі бойындағы барлық 5,1 км желі ауыстырылады. Қажетті қаржыны бөлеміз. Жаңа троллейбустарды сатып алу жұмыстарын қатар жүргізіп, келер жылы жаңа бағыттарды ашамыз. Қазіргі кезде трансформаторлары қосалқы станциялардың қуаттары әлсіз, сондықтан оларды да жаңартуды қолға аламыз. Бір сөзбен айтқанда, Алматының троллейбус желісі — еліміздегі ең ірі көлік тармағы.

Үшіншіден, қала сыртына тасымалдау мәселесі пісіп жетілген сияқты. Күн сайын 61 бағыт бойынша 600 автобус қатынайды. Қызмет көрсету сапасы төмен. Автобустардың басым бөлігі тозған. Сондықтан бұл мәселені де ретке келтірген жөн. Ескі көлікті ауыстырып, жолаушыларға билет беру жүйесін ашық ету қажет. Қалалық мобилділік басқармасына (Телібаевқа) қалда моделін унификациялау шараларын қарастыруды тапсырдым.

Бұл шаралардың басты мақсаты — қалалықтарға сапалы көлік қызметін көрсету және жолаушы тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір