• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:14:22
Алматы
+35°

06 Тамыз, 2019 NEWS

Қазақстандық танкшілер мәреге бірінші болып жетті

Қашықтықтан өту кезінде танк экипаждарына тек жылдамдықты ғана емес, сондай-ақ зеңбіректен, зениттік және қосарлы оқшашардан ату дәлдігін көрсету маңызды болды.

Мәскеу қаласының «Алабино» полигонында өтіп жатқан «Танк биатлоны» сайысының жеке жарыс кезеңінде отандық танкшілер 22 минут 16 секунд нәтижесімен мәреге бірінші болып жетті.

Қашықтықтан өту кезінде танк экипаждарына тек жылдамдықты ғана емес, сондай-ақ зеңбіректен, зениттік және қосарлы оқшашардан ату дәлдігін көрсету маңызды болды. Жақсы нәтиже көрсеткен команда айып шеңберінде қалмайды. Ауыр машинаны басқару шеберлігін сынау үшін бірқатар кедергілерден өту қажет. Шұңқырлардан, жыралар мен қорғандардан өту танктер сайысын қыздыра түсті. Біздің экипаж бұл кезеңдегі сынақтан сүрінбей өтті. Қазақстандық танкистер жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жылдан жылға биатлонның мықты командаларының бірі ретінде өз шеберліктерін шыңдауда.

Айта кетейік, «Танк биатлоны» сайысы үш кезеңнен тұрады. Екінші кезеңде әр қатысушы елдің үш танк экипажы командалық жұмысты көрсетіп, бір танкпен өзара ауыса отырып өнер көрсетеді. Ал, финалдық кезеңде жүлделі орындарды иемдену үшін үздік танк экипаждарының төрттігі бәсекеге түседі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір