• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Мамыр, 14:22:29
+35°

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты тұтқындау мақсатында жасақталған арнайы топтың бірнеше сарбазы тұтқынға түсіп қалған. Атамбаев жігіттерінің қолында болып, ауыр жараланған әскер көрген-білгенін айтып берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сұхбат ауруханада жатқан жігіттен алынған. Оқиға туралы теріс қарап жатып айтқан жігіт өзінің тұтқында болғанын, Атамбаев жігіттерінің аяусыз сабағанын, басы жарылып, аяқ-қолы сынғанын жеткізді.

Оның айтуынша, алғашында әскерлер резина оқты аспанға атқан. Ал қарсы топ бұларды таспен, темірмен, қорғасын оқпен күтіп алған-мыс. Сонымен қатар, операция бастала салысымен бірнеше жігіт ауыр жарақат алып, аурханаға жөнелтілген.

Төсекке таңылған әскердің айтуынша, олар қажетті қару-жарақ алып бармаған. Сондай-ақ, қараңғыда бір-бірінен көз жазып қалыпты.

Жаралы әскер қаза тапқан қаруласын соңғы рет үйге кіргенде көргенін айтады.

«Бәріміз бірге кіргенбіз. Сосын қарсы топтан сақалды, бойшаң біреу шығып "сөйлесейік" деді. Біз екінші қабатқа көтеріліп кеттік. Олар бірінші қабатта қалған. Одан кейін көрмедім», - дейді жаралы әскер.

Еске сала кетейік, 7-тамыз күні Қой-Таштағы резиденциясында Атамбаевты тұтқындау операциясы жүргізілген-ді. Аталмыш орында қақтығыс болып, бір сарбаз қаза тапқан. Сондай-ақ бірнеше жігіт ауыр дене жарақатын алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір