• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:01:29
Алматы
+35°

12 Тамыз, 2019 Оқиғалар

"Шетелдікті сабаған": Теңіздегі жағдай Қарағандыда қайталанды (видео)

Бұл туралы Айсұлтан Жақыпов атты фейсбук қолданушысы хабарлады. 

Теңіздегі жағдай Қарағандыда қайталанды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Айсұлтан Жақыпов атты фейсбук қолданушысы хабарлады. 

"Теңіздегі оқиға естеріңізде ме? Қарағанды облысында Жәйрем деген кент бар. Өндіріс орнында тура Теңіздегідей жағдай қайталанды. Оқиға бүгін кешке орын алған. Мәселенің басы шетелдік жігітпен қазақ қызының қатынасынан шыққан. Дегенмен, ұшқынның отқа айналуының басты себебі де бар. Жәйремде Полиметалический зауыт салынып жатыр. Екі жарым мың адам жұмыс істеп жатыр деген ақпарат бар. Соған жергілікті жігіттерді жұмысқа ала қоймайды екен. Жергілікті жігіттер жан-жақта вахтада жүр, ауылда жұмыс іздеп жүр дегендей.

Күрмеулі жіп осы тұста шешіліп кеткен. Елу шақты жігіт КПП-ны бұзып өткен. Шетелдіктерді сабаған. 6 адамды алып кеткен. Қазір көшеде жүзден астам жігіт тұр. Оларға күштік құрылымдар бара жатыр облыстан. Мәселе ушығып тұр", – деп жазды Айсұлтан Жақыпов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір