• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:20:12
Алматы
+35°

Жамбыл облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Жастар жылы» аясында және Жамбыл облысының 80 жылдығына орай өтіп жатқан «Жамбылым қандай тамаша!» атты мерекелік концерті жалғасын табуда. екті шКеара Қордай ауданы көркемөнерпаздарының қатысуымен өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Концерттік бағдарламада Облыстық күйшілер байқауының жүлдегері Қуаныш Ахметов «Шаттанамын», «Қуаныш», «Мәңгілік» тақырыбындағы шығараларын тарту етсе, Республикалық ән байқауларының жүлдегері Жанай Айдай «Халқым-ай», А.Елібаев «Асу Қордай» әнін нақышына келтіре шырқады.

Сонымен қатар, «Жайнай бер, жастар, жаңаша!», «Бұл өмірде», «Айналайын», «Қазағым» және тағы да бірқатар әуезді әндер айтылып, «Аққу» халықтық би ансамблінің бишілері «Мұңайма», «Өзбек биін» биледі.

Мерекелік кештің әр апта сайын өтіп жатқандығына қала тұрғындары да үйреніп қалған. Шараны тамашалауға келген жұрттың да қарасы қалың. Әр концертте көрерменнің қошеметі мен ыстық ықласы сезіледі.

– Бүгінгі концерт те көңілімізден шықты, керемет. Бұрын мұндай жаз бойы апта сайын концерт болмаушы еді. Жаз бойы өтіп жатқан осы «Жамбылым, қандай тамаша!» концертін тамашалаумен келемін. Жақсы ғой. Тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдаланып, күнделікті күйбең тірліктен шаршағанда бір мезгіл дем алып, көңіл көтереді. Концерт соңында дискотека, жастардың жайдарлы жүздері мен жарқын күлкісін көресің алаңнан. Осындай шараны өткізіп жатқан ұйымдастырушыларға рақмет. Алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенеміз, – дейді қала тұрғыны Жанарбек Шымырқұлов.

Ал, өткен аптада Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Сарысу ауданының өнерпаздары əн шырқады. Жамбыл облысының 80 жылдығына орай және «Жастар жылы» аясында өтіп жатқан мерекелік шара бұл жұмада да Жамбыл жұртшылығына жағымды көңіл-күй сыйлады.

Бағдарламаның басы Мейіржан Омаров пен Мөлдір Мұсаеваның орындауындағы «Қазақ елі» əнімен басталды. Одан кейін өзге де талантты əншілер «Мереке», «Қызымын елдің», «Қазақстан», «Боз орамал», «Сен мені ұмытпа», «Отаным қазақ елі», «Туған жер», «Гүлмін», «Сыңарым», сынды қазақ эстрадасында кеңінен танылып жүрген бірқатар əуезді əндерді шырқалды.

Кеш соңында Ғалымжан Тезекбаев пен Берік Серікбаев «Мəңгілік ел» əнін нақышына келтіре орындап, көрермендің ыстық ықласына бөленді.

Шатыққа толы шараның жалғасы əдеттегідей көңілді биге ұласты.

Естеріңізге сала кетейік, әр аптаның жұма және сенбі күндері өтіп жатқан «Жамбылым қандай тамаша!» мерекелік концерті осы аптада Т.Рысқұлов ауданы өнерпаздарының концертімен өз мәресіне жететін болады. Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жаз бойы Жамбыл жұршылығына жағымды көңіл-күй сыйлап келеген аудан өнерпаздарының қорытынды гала концерті қыркүйек айында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір