• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:34:51
Алматы
+35°

Тараз қаласындағы Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Басқосуды Жамбыл облысы ҚХА хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы Жасөркен Жақсылық пен ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Юрий Минаков өткізді.

Күн тәртібіндегі белгіленген мәселелер бойынша Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы Т.Рысқұлов, Мойынқұм аудандары әкімдерінің орынбасарлары мен облыс әкімдігі білім басқармасының басшылары баяндама жасады. Қазақстан халқы ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Рано Убайдуллаева, «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік-қарашай-балкарлардың Жамбыл филиалы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Леля Узденова және сонымен қатар «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағалары және аудан әкімдерінің орынбасарлары баяндама жасады.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Рано Убайдуллаева өзінің баяндамасында жоспарланған іс-шараларға сәйкес «Қазақтану» бағдарламасы бойынша 2018 жылы Жамбыл облысының Қазақстан халқы ассамблеясында 15 іс-шара, 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында барлығы 6850 адам қатысқан 11 іс-шараның өткізілгендігі турасында атап өтті. Сонымен қатар биылғы екінші жарты жылдыққа жоспарланған 11 іс-шара жөнінде қысқаша мәлімет берді:

-2019 жылдың екінші жарты жылдығына 11 іс-шара жоспарланған. «Мәміле» клубы, шеберлердің қолөнер клубы өз жұмысын жалғастыруда. «Қазақтану» - Қазақстанның барлық этностары арасында қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын, тілін үйренуге және насихаттауға бағытталған жоба. Осы тұста жобаның жастар үшін ерекше маңыздылығын атап өткім келеді. Аталмыш жоба қазақ мәдениетінің дәстүрге бай тарихына терең үңіле білуге, көшпелі халықтың сан ғасырлық философиясын түсіну мүмкіндігіне жетелейді. Ол қазақ халқының құндылықтарын рухани қабылдау арқылы жас қазақстандықтарды біріктіруге жаңа серпін бере алады,-деді өз сөзінде Р.Убайдуллаева.

Жиын соңы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына сәйкес, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің бірқатар мәселелер бойынша шешім қабылдауымен аяқталды.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір