• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:34:58
Алматы
+35°

Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары Жамбыл облысындағы кеңшарлар саны 6 есеге ұлғайған. Жамбылдық диқандар әр гектарынан 19,1 центнер дән жинады. Сол жылдары қамбаға құйылған астықтың жалпы көлемі 1 миллион 163 мың тонна болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық мұрағаттағы мәліметтерге қарағанда Жамбыл облысы аумағындағы тың және тыңайған жерлерді игеру жұмыстары 1954 жылдың 19- қазанында Қазақ ССР Министрлер Советі «Жамбыл облысында жаңа астық совхоздарын ұйымдастыру туралы» қаулысы қабылданғаннан кейін басталды. Аталған құжатта облыс аумағында 249 мың гектар оның ішінде астық егуге жарамды 126 мың гектар алқапты жаңадан жаңадан ұйымдастырылатын тың кеңшарларға беру ұсынылды.

Бұған дейін Жамбыл облыстық советі атқару комитеті облыс аумағынан 12, Қазақ ССР Совхоздар министрлігі 9 тың совхозын ұйымдастыруды ұсынды. Жаңадан бой көтерген совхоздарға Бүкілодақтық тың игеру екпінді науқанына орай Ресейден, Украинадан, Армениядан, Кавказдан, Өзбекстаннан, тағы да басқа елдерден тың игерушілер келе бастады.

Жамбыл облысында тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында «Түркістан», «Подгорный», «Аспара», «Шоқпар», «Далақайнар», «Қаратау», «Қорағаты», «Қордай», «Красногор» совхоздары құрылды. Бір ғана Түркістан совхозы 1955 жылы 23 мың центнер астық өндірсе, 1978 жылы бұл көрсеткіш 162 мың центнер болды. 1978 жылы бұл совхоздардың қарауында 622 мың гектар жер болды. Оның 100 мың гектарына астық дақылы себілді. Олардың трактор-машина шеберханаларында 1300 трактор, комбайн және автомашина шоғырланды..

Жалпы облыста 1953 жылы облыста 13 кеңшар болса, 1977 жылы олардың саны 91-ге жетті. Облыс дихандары 1 миллион 163 мың тонна астық жинады. Әр гектардан 19,1 центнерден алтын дән бастырды. Тың шаруашылықтары арасында Луговой ауданындағы «Подгорный» кеңшарының қол жеткізген жетістігі мақтанарлық болды. «Подгорный» кеңшарын 1960 жылдан бастап Николай Иванович Голиктің басқарған тұста оның табысы ұлғая түсті. Ұлы Отан соғысы ардагері шаруашылықты көтерумен бірге өзі де атақ- даңққа бөленді. Қазақ жерінде ол омырауына екі Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерін қадады. Ал 1971 жылы оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 16 жыл шаруашылықты басқарған Николай Иванович подгорныйлықтардың ғана емес, бүкіл Жамбыл облысының құрметтісіне айналды. Осылайша тың және тыңайған жерлерді игерудің тарихы Жамбыл жерінде де жазылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір