• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:17:12
Алматы
+35°

Жамбыл облысы аумағында өңір тарихында нәзік жандылардың құрметіне қойылған келесі бір ескерткіш Жамбыл ауданы, Құмтиын ауылының маңында. Бұл ескерткішке ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілмегенімен ел арасында оған қатысты деректі аңыз-әңгімелердің бірінеше нұсқасы айтылып жүр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталмыш кесенеде ғылыми зерттеулер жүргізілмегенімен жергілікті өлкетанушылар мен ауыл тұрғындарының мәліметі негізінде бірқатар деректер жинақталған. Ескерткіштің жеті бұрышты кесененің қабырғасы ақ кірпішпен қаланған, биіктігі 2,5 метрді құрайды.

Тарихтан белгілі бір факті Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан стратегиялық маңызы жоғары орталықтардың бірі ретінде Тараз қаласының маңына көптеген кіші қалалар шоғырланды. Тараздың батысында 30 шақырым жерде бой көтерген Дех-Нуджекес, Адахкент қалалары сондай қалашықтардың бірі болған. Олардың үйіндісі біздің заманымызға жеткен.

Ал Қыз әулие кесенесі осы Адахкент қаласы орталық аумағында орналасқан. Ауыл ақсақалдарының айтуы бойынша, ертеректе ауылдың тұрғыны болған бір әйелдің түсіне аян беріп, «Қыз әулиенің» басына жеті бұрышы бар кесене салдырған екен. «Қыз әулиеге» қатысты айтылатын аңыздың желісі бойынша осы маңайды ертеде сайдың тасындай ағайынды жеті жігіт мекен етіпті. Алайда Жоңғар шапқыншылығы кезінде қапыда қолға түсіп қалған олардың жетеуінде жау сол маңда жер жастандырады. Ағайынды батырлардың артында ай десе аузы, күн десе көзі бар жалғыз қарындасы қалады. Ол қыздың көріпкелдік, әулиелік қасиеті болған. Ағаларының өлгенін, жаудың қызды өз елдеріне әкетпекші болып жатқаның біліп, Алладан өзін тас мүсінге айналдырып, елінде қалдыруын сұраған екен. Әулие қыздың тілегі қабыл болып, тасқа айналған екен деседі. Содан бері тас мүсінді халық «Қыз әулие» деп атап кеткен. Кесененің жеті бұрышты етіп салынуы да жеті батырға байланысты. Ағайынды жігітке деп жеті бұрышқа шырақ жағу үшін арнайы тұрғызылған. Кесененің арнайы шырақшысы бар, басына мінәжат етушілер жиі келеді.

Бұл нысанды «Қыз әулие» шатқалымен шатастыруға болмайды. Өйткені екеуінің геогрфиялық орналасуы да екі басқа. Әрі тереңнен тамыр тартқан аңыз желілері де әрқилы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір