• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:58:34
Алматы
+35°

Жамбыл облысында табиғи өрттердің алдын алу мақсатында аудандық ТЖ бөлімдері, жергілікті полиция қызметі және жергілікті атқарушы органдар жеке құрамының күшімен жалпы саны 97 адамнан тұратын 17 бірлескен ұтқыр топ құрылды. Олар бақыланбайтын ауыл шаруашылығы өрттерінің алдын алу және орманды дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша 498 рейдтік іс-шараларды жүзеге асырды. Құрғақ шөп пен қоқысты өртеу үшін 95 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 58–і жалпы сомасы 268 мың 912 теңге айыппұл салынды және 37 - і ескерту берілді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Күзгі-қысқы кезеңде жиналған шөптердің жану оқиғалары жиі орын алады. Дегенмен, мұндай өрттер көктемде немесе жазда да болуы мүмкін.

Адамдардың мал азығын дайындаған көп күндік еңбегі кейде зая кетеді. Сонымен, 2019 жылдың басынан Жамбыл облысында шөп жинау орындарында 87 өрт оқиғасы тіркеліп, орлардың салдарынан 4,5 мың тоннадан астам шөп жанып кетті, ал материалдық шығыны 21 млн. астам теңгені құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде шөп жинау орындарында 98 өрт орын алып, 1,8 мың тоннадан астам шөп жойылды.

Шөп пен сабан жануының негізгі себептері – тұрғындардың отпен абайсыз болуы немесе қасақана от қою. Жем-шөптер көбінесе жолға өте жақын жиналады, ал абайсызда немесе әдейі тасталған темекі тұқылы өртке әкеліп соғады. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін ең алдымен өртке қарсы ережелер мен нормаларды қатаң сақтау қажет. Шөпхана электр өткізу желілерінен мейлінше алыс және қоршалған жерлерде орналасуы тиіс. Егер жақын жерде су қоры болса, төтенше жағдай орны алған жағдайда отты тез сөндіруге болады.

Қожалық және фермерлік шаруашылықтарда төтенше жағдайлар кезінде арнайы өрт сөндіруге икемделген техника дайын тұруы қажет, ал егін мен астық жинауға жұмылдырылған көліктер ұшқын өшіргіштермен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс.

Тұрғын үйдің мекен учаскелерінде шөптерді жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады. Аталған қашықтықта шөптерді жинау мүмкін болмаған жағдайда жинау орнын кемінде 500 литр суы бар қосымша ыдыспен қамтамасыз еткен жағдайда қашықтықты 5 метрге дейін қысқартуға болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір